Пиязшықтары арқылы көбейту Тамырсабақ. жатаған бидайық
Картопты түйнек бөліктері Қойбүлдіргенді мұртшалары арқылы көбейту және көзшелерінен көбейту 1-сурет. Өсімдіктерді өсу мүшелерінен көбейту. ІІ. Өсу мүшелерінің бөліктері (жас өркендері) арқылы көбейту. Жас өркендері арқылы тал, терек, қарағаш, үйеңкі және т.б. өсімдіктер көбейеді (2-сурет).
Көбейту үшін қыстық (жапырақсыз) және жаздық өркендер (жапырақты) алынады.
Қыстық өркендерді күзде дайындайды. Жапырақтарын түсірген кезде немесе көктемде
бүршігін жармай тұрғанда ұзындығы 20-30 см 1, 2, 3 жылдық өркендерін алады. Көктемге
дейін құмға көміп, көктемде топыраққа отырғызады.