Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет54/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   128
Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте 
жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады (1-сурет). Гүл сағағы – жапырақ сағағына 
ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, 
отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра). Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық 
бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген 
жері.Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен 
жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай 
өсімдігі) дейін жетеді. 
 
1-сурет. Гүлдің құрылысы. 1. Гүл сағағы. 2. Гүл табаны. 3. Тостағанша жапырақша. 4. 
Күлте жапырақша. 5. Аталықтар. 6. Аналық. 
Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-
бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын 
күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын. 
Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің 
хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді. 
Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай және қос 
гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте (2-сурет) тек тостағанша жапырақшалары болып
күлте жапырақшалары болмайды (қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері, 
қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ, 
лалагүл, інжугүл). 


50 
 
 2- сурет. Қызғалдақтың жай гүлсерікті 
гүлі. 
 3- сурет. Қазтабанның қос гүлсерікті гүлі. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет