74
оның жан-жаққа жайылып кетуіне мүмкіндік бермейтін қабық рөлін атқарады. Осымен
байланысты жәндік денесінің пішіні өзгермейді, тұрақты болады. Жасушаның, яғни
дененің артқы сүйірлеу жағында ядро жатады, ал алдыңғы доғал жағындағы ойыс –
жұтқыншақтан цитоплазманың жіңішке созындысы – талшық шығып тұрады.
Эвглена жасушасының (денесінің) цитоплазмасында хлоропластар бар. Ал
хлоропластарда жасыл пигмент – хлорофилл болады. Сондықтан жарықта жәндіктің түсі
жасыл болады; жәндіктің жасыл эвглена атануы осыдан.
Жасушасында хлоропластар бар қарапайым жәндіктердің бірі
– вольвокс (2-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: