Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі


Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»



бет4/5
Дата22.06.2023
өлшемі197,06 Kb.
#103018
1   2   3   4   5
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Маќсаты:Балаларды табиѓаттаѓы ќұстарды аялап, баптап күтуге дағдыландыру, құстар туралы мақал-мәтелдердің мәнін ашып түсіндіру, түсініктерін кеңейту.
Білімділігі: Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру, негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу.
Дамытушылыќ: Ќұстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту.
Тәрбиелігі: Отанын, жерін, орманын, табиғатын сүюге баулу.
Көрнекілігі: ағаштардың, құстардың суреттері. 
Әдісі: Түсіндіру, салыстыру, ойын, жұмбақ шешу, тыйым сөздер, әңгімелеу.
Психологиялық сәт:
Армысың, алтын күн!
Армысың, жер ана!
Армысың, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Іс — әрекет бөлімдері. 
Ынталандыру, сезімді ояту.
Тәрбиеші: Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы көк бұлттар
Айдын көлді аралап,
Гүл көктемді қарсы алып,
Біз шығамыз ән салып!
Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер? Бүгінгі сабағымыз құстарға арналады.( құстардың суреті бойынша сұрақ-жауап.)
1 Құстар туралы не білесіңдер?
2 Құстар нені қорғайды?
3 Ағаштарды.
4 Ағаштар не үшін керек?
5 Ауаны тазартады.
6 Құстар қай мезгілде келеді?
7 Көктем
8 Ќай мезгілде ұшып кетеді? (Құстардың суреттері:)
Мақал-мәтелдерді оқу, мағынасын ашу.
1. Қарға қарқылдаса, қысты шақырады, қаз қаңқылдаса, жазды шаќырады.
2. Ќарға ќұс басып жейді, Сұңкар шашып жейді.
3. Кокек оз атын шаќырады.
4. Ќұс жеткен жеріне ќонады.
Тыйым сөздер:
Аққуды атпа, құстың ұясын бұзба, құстың жұмыртқасын жарма.т.б.
Құстарға қарап ауа райын болжау.
1. Әтеш жаңбырлы күні таң ата шақырса, күн ашылады.
2. Құстар ертемен жеміздеуге шықса, күн жауын-шашынды болады.
3. Қарға жазда ауызын ашып қарқылдай берсе, найзағай ойнайды.
4. Құстар көңілдене сайраса, күн ашыќ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет