Бала еңбегін заңсыз пайдалану «Бейкүнә сәби ашты дүние есігін
Азан айтып бердік оған есімін
Ол пәк болып келген бізге нәресте
Ойла, ендеше, адал болып өсуін»
«Бала еңбегін қорға» атты дөңгелек үстел
Мақсаты:
Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру.
Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті.
- Көптеген адамдар санасында «Құқық» ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланыстырады. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.
Оқушы:
Бала еңбегі проблемасы бүкіл әлемде: өнеркәсібі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады.
Сонымен қатар олардың білім алуға, денсаулық сақтау қызметтеріне және кіріс көздеріне қол жеткізуі шектеулі. Осылайша, қиын жағдай қалыптасады: балаларды еңбекке тарту олардың болашақта білім алу перспективаларын нашарлатады, ал ол өз кезегінде оның кейіннен жұмысқа орналасуына әсер етеді. Соңғы нәтижесінде бала еңбегі адамзаттық ресурстардың дамуына және еліміздің жалпы әлеуметтік - экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді
АВТОР: Әкесі жұмыстан келе сала:
Жандаулет: «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып дем алғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты бала атаулы істейтін сияқты ед! АВТОР: деп дауыстап баласына қарап айғай салады.
ӘКЕСІ (Жандаулет): «Сенен көрген не пайдамыз бар? Өмірге мұғаліміңнен де, сыныптастарыңнан да естейтініміз тек ұрыс! Қашанғы сенің жабуыңды көтереміз? Сенен де пайда көрейік! Дүниеге әкелме дедім осындай қыңыр баланы!»
АВТОР: Баласын итеріп үйден шығарып
Әкесі(Жандаулет):: «Бүгіннен бастап үйге кіріс кіргізбесең, менен жақсылық күтпе! Ал мен болсам дем аламын! Қыдырамын! Той тойлаймын».
Автор: Көше кезіп шыққан кәмелетке толмаған жеткіншек жұмыс іздеуді бастайды. Орталық базар маңына келіп бұрын - соңды естіген «Тәшке сүйрету», «Газет сату», «Гүл сату» тіпті болмаса оңай жолы ұрлық жасау тәрізді жұмыс атқармақ.
Оқушы: Бала еңбегі Қазақстанда да кеңінен етек жайып келеді. Жүргізілген зерттеулер шектеулі ақпарат бергенімен, бала еңбегі масштабтарының кеңею үрдісі байқалуда. Қалыптасып келе жатқан еркін рынок жағдайларында жұмыс жасайтын балалардың саны қарқынды түрде көбеюде. Балалар тиісті заңдық және әкімшілік бақылаудың жеткіліксіздігінен және тиісті заңнамалық актілердің немесе оларды іске асыру тетіктерінің жоқтығынан айла - шарғы жасау және пайдалану объектісі болуда.
Оқушы: Қазіргі таңда әлемде балалар еңбегі маңызды мәселе болып отыр. Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше дүние жүзінде 215млн бала еңбекпен шұғылданады. Ол балалардың дамуы мен білім алуына кедергі келтіріп, болашақта өмір сүру қаражатынан айырады; олардың көпшілігі физикалық және психологиялық тұрғыдан зиян келтіретін, тіпті өмірлеріне қауіп тудыратын балалар еңбегінің ең ауыр түрлерінде анықталған.
Оқушы: Балалар мәселесін шешу ұлттық міндеттердің басым бағытына жатады. Оның орындалуынан әр бала өзі қалаған мамандықты таңдап, дені сау, білімге негізделген, бәсекелестікке қабілетті қоғамның құрылуына тәуелді.
Оқушы: Осы орайда Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заңнамаларға тоқталып өтсек.
Оқушы
Конституциямыздың 12 - бабында:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқытары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Оқушы:
- Конституциямыздың 24 - бабында:
1. Әрбір бала еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Оқушы:
- Бала еңбегі мәселелеріне тікелей қатысты бірнеше халықаралық конвенциялар мен маңызды құжаттар бар. Ең танымалы 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бала құқықтары туралы Конвенциясы маңыздысы болып табылады.
Оқушы:
* жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жасты бекіту;
* жұмыс күннің ұзақтығы мен еңбек жағдайын белгілеу;
тәрізді ережелер енгізілген.
Ал, Қазақстан Республикасының Бала еңбегі жөніндегі Заңнамасының 24 - бабы азаматтардың еңбек бостандығын, қызмет пен кәсіп түрлерін өз еркімен таңдауын анықтайды және тек төтенше немесе әскери жағдайда, не сот үкімі бойынша мәжбүрлі еңбекке тарту мүмкіндігін шектейді.
Оқушы:
- Еңбек кодексі бойынша жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас – 16 жас. Дегенмен 15 - ке толған азаматтар орта білім беру мекемелерінде білім алған жағдайда, ата - ананың бірінің, қамқоршы адамның немесе асырап алушының жазбаша келісімімен еңбек келісім - шартын жасауға болады. Бұл жағдайда, оқудан бос уақытында жұмыс істейтін 14 жасқа толған тұлғаларға және шығармашылық саласында (кинематографияда, театрда, театр мен концерттік ұйымдарда, циркте, денсаулығы мен дамуына еш нұқсан келтірмей, бір шығарманы жасау мен орындауға қатысу үшін) жұмыс істейтін 14 жасқа толмаған тұлғаларға рұқсат берілген.
Оқушы:
Бала еңбегі тұтастай экономиканың барлық өндірістік және өндірістік емес салаларында ұшырасады, қалалық бейформал экономикада, ауыл шаруашылығында, жергілікті базарлардағы ұсақ саудада, сондай - ақ үй шаруашылығында пайдаланылады. мысалы, кәмелетке толмағандардың еңбегі негізінен көкөністер мен жемістерді сұрыптау, жүк тиеу жұмыстары («арбакеш» жасөспірімдер деп аталатын) кезінде қолданылады, ал сирек жағдайларда жастары кіші кәмелетке толмағандар «қайыршы» ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Оқушы:
- Кодексте 18 жасқа толмаған тұлғаларды келесі жұмыс түрлеріне тартуға тыйым салынған:
* ауыр жұмыстар, аса қауіпті немесе зиянды жағдайындағы
* олардың денсаулығы мен рухани дамуына нұқсан келтіретін жұмыстар
( түңгі ойын - сауық мекемелері, ойын бизнесі)
* түңгі уақытта (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін)
* шұғыл жұмыс
* жұмыс уақытын есептейтін жұмыс
* кезекшілік әдістегі жұмыс
Ендігі кезекті бейнесюжетке берсек «Балалар енбегін қанауға жол жоқ!»
Оқушы: Халықаралық еңбек ұйымының пікірі бойынша, Қазақстандағы бала еңбегін пайдалану салалары мен нысандарына мыналар жатады:
• Ауыл шаруашылығы жұмыстары (мақта, темекі, жүзім және т. б. дақылдар);
• Еңбегін пайдалану (7 - 18) (ауыл, қала), ауыл шаруашылығы мектептері (мектеп жанындағы учаскелер, базарлар, мал шаруашылығы (мал бағу), құрылыс, шағын бизнес (қара жұмысшы ретінде, май -, бензинқұю стансаларында, базарларда тауарларды түсіру және тиеу (жас ерекшеліктері мен шарттық міндеттемелер бұзылады);
Оқушы:
• Көліктік қызметтер (шағын автобустардағы кондукторлар);
• Қайыршылық (жергілікті балалар, көшіп - қонушылар, дені сау адамдар мен мүгедектер);
• Ұсақ тонау;
• Есірткі трафигі (сора тозаңын жинауға қатысу; мектептерде, шетелге, ел ішінде шабарман болу);
• Ата - аналарының, қамқоршыларының бала еңбегін пайдалануы (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу, балаларды сату); пайда табу үшін бала асырап алу немесе қамқоршылықты ресімдеу; әлеуметтік жәрдемақылар, пайда алу үшін баланың дене мүшесін кемтар ету);
Оқушы:
Әрбір істің бала таппас шешімін
Жаза беріп, айта көрме кесімін
Байқаусызда балалығын жасап - ап
Ағат басса, бергін оған кешірім,-
дей отырып, құрметті қонақтар, ұстаздар бүгінгі тәрбие сағатымыздың мәні мен мағынасы сіздерге айқын болды деп сенеміз. Яғни, бала еңбегін заңсыз қолдана алмайтынымыз анық болды. Ендеше аялайық, балалардың сіздерге қамқорлық жасауын мақтан тұтайық!
Баланың жақсы оқуына, ынтасына жанұяның әсері
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала ұлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А.С. Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.
Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.
Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс: 1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;
2. Білім алуына көмектесуге міндетті;
3. Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;
4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;
5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;
6. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Ата – ананың жауапкершілігі: 1. Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;
2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
4. Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;
5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.