Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі». Мақсаты



бет3/4
Дата11.02.2023
өлшемі25,47 Kb.
#67137
1   2   3   4
Психолог: Біздің әрбір күніміз жұмысқа,оқуға,балабақшаға баруға қарбалас еңбекпен басталады. Кейбір ер азаматтарымыз бала тәрбиесіне олар есейгенде ғана араласқаным дұрыс, ал сәбиі жыласа жұбатып, қарны ашса тамақтандырып, жөргегін ауыстыру – тек әйелдің міндеті деп ойлайды. Ал кейбіреулері тіпті «балаларымен әурелену» олардың «еркек» деген атына нұқсан келетінін айтады . Әр үйдегі әйелдердің көбі ерлермен бірдей әртүрлі салада еңбек етеді.Соған қарамай үйдегі еңбекті тек әйел адамның ғана міндеті деп түсінетін ұғым әлі күнге дейін көпшілігіміздің санамыздан қалмай келеді. Көптеген отбасында үй шаруасын үй ішіндегілері тегіс бөліп атқарады. Мысалы,кейбір отбасында демалыс күні үй ішіндегі үлкенді-кішілі адамдар,бала- шаға бәрі қатысатын «сенбілік» ұйымдастырылады. Балалардың бірі шаң сүртсе,екіншісі су тасиды,үшіншісі даладағы заттарды шығарып,қағып сілкиді.Қалғандары шамасына қарай кір жуады немесе аяқ киімдерін тазартып,жинастырады.
Мұндай «сенбіліктің» уақыты алдын-ала ескертіледі. Әркімнің істейтін жұмысы бөлінеді, киетін халаттары немесе алдарына тағатын алжапқыштары, бастарына тартатын орамал, аяқтарына киетін аяқ киімдеріне дейін әзірленіп қойылады. Үйдегі еңбекке отбасы мүшелерінің тегіс қатысуы сол үйдің балаларына үлкен тәрбие мектебі десе болады.Олар еңбек ете жүре, бір-біріне көмектесіп, бірінің жұмысын екіншісі жеңілдететініне қуанады. Бір-біріне деген мейірімділік пен еңбектен ләззат алу олардың бойында жағымды сезім тудырады. Мұндай ұжымдық еңбек күнін балалар асыға күтетін болады, бірте-бірте осынау, жақсы әдет қалыптасып, еңбексүйгіштік қасиет дами түседі.

  • Ал, құрметті әкелер сіздің үйдің өзіндік қандай дәстүрі бар?

Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
1. «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
2. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз. Үлкендердің бірнеше рет ескеркеніне қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршіңіздің терезесін сындырды. Сіздің әрекетіңіз?
3. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?
4. Балаңыз жақсы. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа балабақшаға ауыстырдыңыз. Балаңыздың белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
5. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
7. Сізге балабақшадағы тәрбиешілер «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата - аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
9. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
10. Балаңыздың тәтті қылықтары 11. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
12.Дүкенді балаңызбен аралап жүр едіңіз, балаңыз кенеттен бір үлкен қонжық ойыншыққа жармасып алды. Сол жерде «алып берші» деп, бүкіл дүкенді басына көтеріп жылай бастады. Сіздің әрекетіңіз?
13.Балабақшаға сіз балаңызды алып келіп, киіндіріп отыр едіңіз, кенеттен орындық сынып кетті. Тәрбиешінің мұныңыз не? Орындық балаларға арналған, неге отырдыңыз деген сұрағына қалай жауап бересіз?
14. Балаңыз кешке үйге қайтатын уақытта сізге өз шағымын айтып, бір баланың ұра беретінін жеткізді? Сіздің әрекетіңіз?
15. Балабақшадан сізге тәрбиеші қоңырау шалды. Ол сізге балаңыздың құлап жарақатанып қалғанын айттып, міндетті түрде әкесінің келіп алып кетуін өтініп отырғанын хабарлады. Бірақ сіз өзіңіз шұғыл бір іспен жұмыста айналысып отырсыз? Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз?
16. Үйде басқа отбасы мүшелерінен ешкім жоқ. Тек балаңыз екеуіңіз қалғансыздар. Осы мезетте балаңыздыің қарны ашып өзіне ботқа әзірлеп беруін өтінді. Сіздің әрекетіңіз? Және де асты қалай дайындайтыныңызды айтып берсеңіз.
17. «Әке» туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет