Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі». Мақсаты



бет4/4
Дата11.02.2023
өлшемі25,47 Kb.
#67137
1   2   3   4
Ойын :«Киіндірші мені әке!»
Ойынның шарты: Сіздер отбасыңызбен шет елге демалуға бармақшы болдыңыздар. Аяқ астынан жұбайыңыз қоңырау шалып, ұшуға белгіленген уақыттың өзгертіліп, тез жарты сағат уақыт қалғанын айтты. Қырсық қылғанда балаңыз дайын емес және үйіңізбен аэропорттың арасы тура 30 минуттық жер. Яғни сіз сол минутта үйден шықпасаңыз үлгере алмайсыз. Сіздің әрекетіңіз.Әкелер алдына келген ұл бала болсын, қыз бала болсын жылдам киіндіріп алып шығу.

Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай ата ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. «Әкеге қарап ұл туар» демекші, жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтай білейік, атымызға сіңіріп, бойымызға дарыта білейік. Бүгінгі дөңгелек үстелімізді қорытындылау үшін балабақшамыздың меңгерушісі Смағұлова Светлана Қажкенқызына сөз беріледі.
Психолог: Құрметті қонақтар, бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып, пікір алмасып, көзқараспен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп атсалысқандарыңызға көп - көп рахмет. «Бала тәрбиесі баршамыздың борышымыз» екенін естен шығармайық. Келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет