Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі». Мақсаты



бет2/4
Дата11.02.2023
өлшемі25,47 Kb.
#67137
1   2   3   4
Байланысты:
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөліә ата-аналарға арналған дөңгелек үстел

Видео көрсету.
Психолог:

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке.
Әке тәрбиесін, әкенің орнын ешкім де баса алмасы анық. Ер бала мен қыз тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.
Кейбір ер азаматтарымыз бала тәрбиесіне олар есейгенде ғана араласқаным дұрыс, ал сәбиі жыласа жұбатып, қарны ашса тамақтандырып, жөргегін ауыстыру – тек әйелдің міндеті деп ойлайды. Ал кейбіреулері тіпті «балаларымен әурелену» олардың «еркек» деген атына нұқсан келетінін айтады.

  • Ал сіздердің пікірлеріңіз қандай?

Шындығына келсек, бала өмірінің бірінші жылында-ақ анасын әкесінен, ал әкесін өзге ер адамдардан ажырата біледі. Баланың әкесі мен анасына деген қарым-қатынасы екі түрлі болады. Осы алғашқы жылында әке баланың жанында көп болып, тәрбиесі мен қамқорлығына көп мән берсе екеуінің арасында тығыз психологиялық байланыс орнайды. Ал бұл сәбидің болашақ дұрыс мінез қалыптастыруына алғашқы қадам болмақ.
Әкесі баласын анасының ұрысқанынан, жәбірлегенінен қалай қорғаса, шектен тыс еркелетіп, тым есіртіп жіберуінен де солай сақтауы керек.
Аналар балаларына «ол болмайды», «оған тиіспе», «ол дұрыс емес» деп шектеуді көп қояды. Ал әкелер баласын еркіндік бере отырып шектен шығып кетпеуін қадағалайды. Осылайша ненің дұрыс ненің бұрыс екенін өз көзімен көріп тәжірибе жасап өскен бала, өзін және өзінің іс-әрекетін сырттай бақылап, баға беріп, кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын болады.

Ашық пікір тыңдау
Психолог:
-Өздеріңіз тамашалаған видеоға қарап қандай пікірге келдіңіздер?
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Келесі көріністі тамашалайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет