4 жасар балада 20 уақытша тістері мен 28 тұрақты тістердің бастамалары болады, олар көзұя, жоғарғы жақтың мұрын қуысында және төменгі жақта қалыңдығы 2-4 мм сүйекпен жабылған болады. 4 жасқа дейін альвеолярлы өсінділердің өсуі тоқтайды және 5,5-6 жаста қайта басталады.
4 жасар балада 20 уақытша тістері мен 28 тұрақты тістердің бастамалары болады, олар көзұя, жоғарғы жақтың мұрын қуысында және төменгі жақта қалыңдығы 2-4 мм сүйекпен жабылған болады. 4 жасқа дейін альвеолярлы өсінділердің өсуі тоқтайды және 5,5-6 жаста қайта басталады.
Уақытша тістемнің ІІІ периодында төменгі жақтың біркелкі емес дамуының әсерінен және мезиальды ығысу тенденциясынан, физиологиялық қажалудан жоғарғы екінші уақытша молярдың мезиальды ұрттық төмпешігі бірінші жүлгеден екінші жүлгеге ауысуы мүмкін (орта және дистальды ұрттық төмпешіктердің арасында) және екінші молярдың дистальды беттері сагиттальды баспалдақ құрады. Ол Цилинский симптомы деп аталады. Екінші уақытша молярлардың дистальды беттерінің арақатынасынан алты жасар балаларда сагиттальды бағыттағы тістемнің дамуынын болжайды.
Уақытша тістем редукциясы кезеңінде қажалудың болмауы прогнатикалық тістемнің пайда болуына алып келеді.
Уақытша тістем редукциясы кезеңінде қажалудың болмауы прогнатикалық тістемнің пайда болуына алып келеді.
Аралас тістем кезеңдері
Аралас тістем – тіс-жақ жүйесінің дамуының ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Ол жақсүйектерде уақытша да, тұрақты да тістердің болуымен сипатталады. Период ұзақтығы 6-дан 12-14 жасқа дейін. Ол екі периодқа бөлінеді: І (ерте) – 6-9 жасқа дейін және ІІ(кеш) – 10жастан 12-14 жасқа дейін.
Бірінші тұрақты молардың шығуымен және күрек тістердің өзгеруімен сипатталады.
Премоляр және екінші молядың шығуымен, сүйір тістердің өзгеруімен сипатталады.
Бірінші тұрақты молярдың жарып шығуы тістем биіктігінің ІІ физиологиялық көтерілуін қамтамасыз етеді. Сагиттальды және трансверсальды окклюзиялық қисықтар дамиды.
Бірінші тұрақты молярдың шығуы мен дұрыс орнығуының 4 варианты бар (Ф.Я. Хорошилкина, 1999):
Бірінші тұрақты молярдың шығуы мен дұрыс орнығуының 4 варианты бар (Ф.Я. Хорошилкина, 1999):
Екінші молярлардың арасында сагиттальды баспалдақтың болуында бірінші тұрақты моляр дұрыс орнығады (6 жаста)
Екінші уақытша молярдың бір жазықтықта тістесуі бірінші тұрақты молярдың төмпешіктік тістесуіне алып келеді. Олардың арақатынасының болашақта жақсаруы тістердің арасында тремалардың болуына, тістер төмпешігінің және апроксимальды контакттардың қажалуына бауланысты, себебі бұнда бірінші молярдың қысымының әсерінен екінші уақытша молярдың медиальды ығысуы көрініс береді, әсересе төменгі жақта (7-7,5 жаста)
Уақытша тістерінің арасында тремалары бар немесе жоқ үлкен жақсүйектерде, екінші молярлардың дистальды беттерімен бір вертикальды жазықтықта тістесуіне қарамай, бірінші тұрақты моляр дұрыс орнығуы мүмкін.
Жақтары кішкентай жағдайында («рудименталды» вариант) тремалар жоқ кезде екінші молярлардың дистальды беттерімен бір вертикальды жазықтықта тістесуінде және бірінші молярдың төмпешікті контакты кезінде ұзақ уақытқа дейін олардың тістесуі сақталуы мүмкін (6-12 жас), яғни дистальды тістемнің пайда болу қаупі. Екінші уақытша молярдың премолярмен ауысуынан кейін артық орын пайда болады, ол бірінші молярдың орналасуын коррекциялауға мүмкіндік береді.
Тұрақты тістердің жарып шығуы кезінде тісжақ аймағының өсуі тек горизонтальды бағытта ғана емес, вертикальды бағытта да жүреді. Бұл кезде тіс түбірлері тіс негізіне қатысты биіктейді. Әсіресе ол сүйір тістерде апикальды базис окклюзиялық бағытқа жылжығанда байқалады. Көп жағдайда сүйір тістерге орын жақтардың сагиттальды және трансверсальды бағытта өсуінің ІІІ импульсі кезінде қалыптасады. Осылайша, тістемнің ІІІ физиологиялық биіктеуі тұрақты екінші молярдың жарып шығуымен емес, тұрақты сүйір тістердің жарып шығуымен болады. ( Ф.Я. Хорошилкина, 1987).
Тістердің жарып шығуының жылдамдығы әр тістер топтарында әртүрлі: ең тез – екінші премоляр (8мм 6 айда), бір жылдың ішінде ең тез өсетіні ол – орталық күрек тістер (12 мм), ал екі жылда – сүйір (13 мм).
Тістердің өзгеруі кезіндегі жақтардың өсуіне әсер ететін үш фактор бар: І фактор – өсуге биологиялық тенденция, ІІ – тұрақты тістердің жарып шығуы, ІІІ – шайнау бұлшықеттерінің қалыпты функциясы, ол тұрақты тістем кезінде толыққанды болады.