Тұрақты тістер саны 28-32, уақытша тістер саны болса 20.
Бұл қызық!
Баланың шайнау аппаратының дамуының өзін бірнеше периодтарға бөлуге болады, яғни олардың шайнау аппаратының морфологиялық жағдайы оның функционалдық қызметіне байланысты.
І период – туылғаннан бір жасқа дейін, қозғалыс қабілеттерінің интенсивті дамуымен сипатталады. Балада рефлекторлы сору қозғалысы болады. Әртүрлі физиологиялық процесстердің регуляциясын аралық ми мен орта ми реттейді, бірақ бала өмірің алғашқы күндерінен бастап ақ шартты рефлекстер қалыптасады, олардың ең бастылары –тамақтануға қатысты.
ІІ период – бір жастан алты жасқа дейін, уақытша тістердің жарып шығуынан және тіс доғасының қалыптасуынан шарттырефлекторлы шайнау қызметтері қалыптасады. Алдымен бала шайнауды үйренеді, алайда үш жаста толыққанды шайнау қызметтері қалыптасады. Жақсы жетілдірілген дағды автоматизмге ауысады.
ІІІ период – алты жастан он екі он үш жасқа дейін, тістемнің өзгеруімен сипатталады.
ІV период - тұрақты тістемге жауап береді. Қалыпты жағдайда бұл периодқа тісжақ жүйесінің толық морфологиялық дамуы мен толыққанды функциональды жүйе қалыптасады. Күнделікті шайнау қызметтері механикалық түрде орындалады, негізінен ой сана деңгейінде. Қозғалыстық автоматизм шайнау кезіндегі мускулды энергияның экономды түрде жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Қорытынды
Қорытындылай келе, баланың тістемінің пайда болуының кезеңдерін білу өте маңызды, себебі бұл ақпараттармен танысқан кезде, жастарға байланысты тістердің жарып шығу уақыттарын біліп, олардың қалыпты болуын немесе қалыптыдан ауытқуын анықтауға болады. Клиникалық тексеру кезінде олардың маңызы зор, себебі қарап тексергеннің өзінде уақытша және тұрақты тістерді өзара салыстыруға, оларды бір бірінен ажыратуға мүмкіндік туындайды. Онымен қоса, тістердің жарып шығуының процессін біліп, олардың қалыпты болуы немесе ауытқуы, өз алдына болашақ тістемді болжауға және алдын алу жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.