Бағдарламаның өзектілігі:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын «эссе» жұмыс жазу арқылы дамыту.
Негізгі идеясы: Оқушы бойына функционалды сауаттылық қалыптастыру.
Концепциясы:Өзге тілді ортадағы, қазақ тілді мектептердегі оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 сынып оқушыларына қазақ тілін жетік, өз деңгейінен жетік меңгерте отырып, оқылым, жазылым қабілеттерін шыңдау.Мәтіндермен жұмыс жасау барысында барлық элементтерге мән беріп, толық түсінуге және талдауға , негізгі идеясын түсінуге үйрету.Эссе жазу арқылы сауатты , жарыстарда озат, дарынды тұлғаны даярлау.
Оқытудың логикалық негізі:Мектеп оқушыларын жан –жақты әрі шығармашылық тұрғыдан шыңдай отырып, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:математика, георграфия, тарих, информатика.
«Жазылым дағдысын қалыптастыру» (5- сынып) тақырыбындағы авторлық бағдарсына
МАҚСАТЫ:
Оқушыларды шығармашылық тұрғыда шыңдай отырып,эссе жазу арқылы функционалды сауаттылық қалыптастыруға бағытталған.
МІНДЕТТЕРІ:
«Жазылым дағдысын қалыптастыру» (5- сынып) тақырыбындағы авторлық бағдарсына
-Эссе түрлері оны жазу ерекшеліктерін үйрену;
- хабарламалық эссе, дискуссивті эссе, анықтамалық эссе, аргументті эссе, салыстырмалы эссе, сипаттамалық эссенің түрлеріне шолу жасай отырып, жазуға оқушыларды машықтандыру;
- мәтінмен таныса отырып, тың тақырыптарда зерттеу және өзіндік ой қалыптастыру;
- тілі мен ой өрісін, танымдық қасиеттерін дамыту;
-шығармашыл жеке тұлға тәрбиелей отырып, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу ;
-Қазақ тілінің салаларын терең игерте отыры, сауатты жазу мен сөйлеуге үйрету;
- Жазылым дағдыларын жазу барысында жоспарын ойша және жазбаша құра отырып, құрылымы туралы таңыстыру және үздік жұмыстарға сараптама жасау;
-Әр оқушының жеке жазу стилін қалыптастыру және жеке қызығушылықтарына сай бағыт беру және тақырыпты тыңғылықты зерттеуге бағыттау ;
-Зерттеу барысында жеке көзқарастың көрініс табуы және оның көрсетілу жолдарын үйрету (әртүрлі көзқарастарды мысалға алу), қатемен жұмыс жасай отырып, мәтін талдауға машықтану;
-Оқушыны шығармашылық тұрғыдан шыңдай отырып, функционалды сауаттылық қалыптастыру, қабілетін айқындап, кәсіби бағыт –бағдар беру;
- Ойды еркін жеткізумен қатар, нақты мысалдар келтіру, деректер мен дәйектермен жұмыс жасауды үйрену;
- Өмірден алынған жағдайлар, өмірлік шынайы тәжірибелерге сүйене отырып, ғылыми зерттеулерге назар салып, ғалымдардың пікірлеріне сілтеме жасауды үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |