Пікір білдіруші: Қолы мен мөрі
«Жазылым дағдысын қалыптастыру» (5- сынып) тақырыбындағы авторлық бағдарсына
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ тiлiнiң кешегi мәйектi қалпын, терең философиялық тұжырымды екi ауыз сөзге сыйғыза бiлу және мiрдiң оғындай өткiр қалпын терең меңгеру, меңгерту – парыз. Әрi бұл меңгеру мен меңгерту – ғылыми бағытта парасаттылықпен дұрыс жолға қойылса орынды. Кез келген тiлдiң сипаты мен өзiндiк тарихы бар, оларды бiрiнен-бiрi артық не кем деуге ғылыми негiз жоқ және білім ала отырып оны тереңнен ұштастыру.
Пәннің ерекшелігі: авторлық бағдарлама «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында оқушылардың жазылым дағдысын қатыстыруға бағытталған (эссе жазуға шыңдалып шгығады.
Ұлттың бәсекелестік қабілеті оның білімділік деңгейімен өлшенетіндіктен, қазіргі білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтерудің мәні де, қазақ тілінің мәртебесі де артып келеді. Сол себепті еліміздің ертеңі үшін, жарқын келешегі үшін жауапты ұрпақ, саналы азамат тәрбиелеу, жоғары мектепте заман талабына сай білім беру ең маңызды мәселе болып отыр. Ол үшін заман талабына сай функционалды сауатты тұлғаны өсіру.Қазақ тілі және әдебиеті сабағында оны іске асырудың ең тиімді тетігі –ақпараттарды өз бойынан өткізіп оны сауатты жазу.Сауаттылық көрінісі ол жазылым дағдысы арқылы қалыптасатыны даусыз.Олай болса, 5-сынып оқушыларын эссе жазуға бағыттау арқылы дамытуды көздейміз.
Тапсырмалар мазмұны жас ерекшеліктеріне және шығармашылық ізденістеріне сай беріледі.
Бағдарламаның мақсаты:Оқушыларды шығармашылық тұрғыда шыңдай отырып,эссе жазу арқылы функционалды сауаттылық қалыптастыруға бағытталған.
Міндеті:
-ақпараттармен жұмыс жасау барысында (мақсаты мен аудиториясын, мазмұны, стилі, тілін) талдауды үйрену , талдау отырып эссе арқылы талдау.
- ақпараттармен таныса отырып, тың тақырыптарда зерттеу және өзіндік ой қалыптастыру эссенің түрлеріне салып сараптау;
- тілі мен ой өрісін, танымдық қасиеттерін дамыту;
-шығармашыл жеке тұлға тәрбиелей отырып, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу ;
Достарыңызбен бөлісу: |