Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Мейірбикелік араласудың жоспары



бет15/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
Балалар аурулары Балаларды физикалы дамуы. Денсаулы топтары

Мейірбикелік араласудың жоспары

Мейірбикелік араласудың орындалуы

1.Анықталған туберкулезді керекті инстанцияларға хабарлау

2.Науқасты оқшаулау

  • Туберкулезбен ауыратын науқасты оқшаулауды фтизиатр шешеді

  • фтизиатр оқшаулау мерзімін анықтайды

  • науқас ауруханаға жатқызылса ошақта қорытынды дезинфекция жасалады.

3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру

  • Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады)

  • Карантин жарияланады. Карантин мерзімін фтизиатр шешеді

  • Карантин ошақта тағы туберкулез анықталмаса ғана алынады

  • Карантин кезінде күнде таңертең, кешке балалардың дене температурасын тексереді, жүйке жүйесінің жағдайы, тершеңдік, улану белгілерінің пайда болуын қадағалайды

  • Қатынаста болғандардың барлығына изониазид беріледі (3 айға дейін)

  • Қатынаста болғандарға Манту сынамасы және флюрография жасалады.

  • Қатынаста болғандардың арасында Манту сынамасы күдікті немесе оң нәтиже берсе, флюрограммада өзгеріс болса, фтизиатрға жіберіледі.

4.Жұқпаның таралуына жол бермеу:

а) ауа - тамшы

б) қатынас арқылы жұғу жолы


  • Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру

  • Үнемі ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді, бөлменің желдетілуін қадағалау

  • Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орыдалуын қадағалау

  • Адамдардың бір жерге жиналмауын ескерту

  • Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде хлорлы режим ұйымдастыру

  • Күнделікті дезинфекция жүргізу

  • Жеке бас гигиенасын сақтауды қадағалау

5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру

  • витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау

  • салауатты өмір сүруді қадағалау

  • туберкулезге қарсы вакцинацияларды уақытында жүргізу

Негізгі күтімі.

Туберкулез кезіндегі күтімнің негізгі мақсаты:



  • жұқпаның таралуына жол бермеу;

  • аурудың жазылып кетуін қадағалау;

  • науқас жыағдайын жақсарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет