Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Негізделуі
|
1. Науқасты оқшаулау
|
Жұқпаның таралуына жол берілмейді
|
2. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру
|
Туберкулездің ауа – тамшы жолы арқылы таралуына жол берілмейді
|
3. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау (науқастан 2 метр қашықтықтағы заттар мұқият залалсыздандырылу қажет.
|
Қоршаған ортадағы қоздырғыштардың саны азаяды
Ауаның тазаруы қамтамасыз етіледі, тыныс алуды жақсартады;
Туберкулез қоздырғышы аса ұшпалы емес, таралу радиусы 2 метрден аспайды;
|
4. Хлорлы режимді ұйымдастыру
|
Туберкулез микобактериясы қоршаған ортада төзімді, жұқпа заттар арқылы, үшінші адам арқылы жұқтырылуы мүмкін
|
5. Науқастың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру қажет. Тамақтың құрамы дәрумендерге, кальцийге (рационда жеміс, көкөністер, табиғи шырындар, қышқыл сүт өнімдері, сүзбе бай;
|
Дәрумендер ағзаның қорғаныстық қабілетін жақсартады;
кальций туберкулез ошақтарындағы кальцификациялануды жақсартады, ауру жазылады
|
6. Баланың тәбетін жақсартып, күніне 4 – 5 рет тамақтандыру керек
|
туберкулез кезінде тәбеті төмендейді, физикалық дамуы жағынан артта қалады
|
7. Науқасты «жөтелу тәртібіне» үйрету қажет
| |
8. Бөлмедегі температура режимін сақтау керек (18 - 20˚С)
|
Салқын ауа тыныс алу тереңдігін сақтап, қақырықтың шығуын жақсартады;
Қоршаған ортадағы жоғарғы температура терлеуді күшейтеді, ал төменгі температура бала иммунитетінің әлсіз болуына байланысты тез салқын тиіп, ауырады
|
9. Күнделікті гигиеналық шараларды сақтап, тер сіңген іш киімдерін үнемі ауыстырып отыру қажет
|
Туберкулезбен ауыратын науқастар тершең болады
|
10. Балаға тыныштық жағдай жасалу керек
| |
Алдын алудың маңызды бөлігі – санитарлық – ағарту жұмыстарын жүргізу: балаларға «жөтелу тәртібін» үйрету, тұрмыста жеке бас гигиенасын сақтау, адамдар көп жиналған жерлерге баланы апармау, адамдардың үй - тұрмыс жағдайын жақсартуға көңіл бөлу. Балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру, шынықтыру, салауатты өмір сүру арқылы олардың иммунитетін көтеру қажет.