Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Мейірбикелік араласудың жоспары



бет21/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
Байланысты:
Балалар аурулары Балаларды физикалы дамуы. Денсаулы топтары

Мейірбикелік араласудың жоспары

Негізделуі

1. Науқасты жазылып кеткенше оқшаулайды + ВL – ға бак. зерттеу қорытындысы теріс нәтиже болуы тиіс.

  • Дифтерияның таралуына жол берілмейді.




2. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру

  • Дифтерияның ауа – тамшы жолы арқылы таралуына жол берілмейді

3. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау


  • Қоршаған ортадағы қоздырғыштардың саны азаяды

  • Ауаның тазаруы қамтамасыз етіледі

4. Хлорлы режимді ұйымдастыру

5. Науқастың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру қажет.

Тағам:


  • «В» тобының дәрумендеріне бай;



  • калийге бай;



  • тұз бен су шектелу керек;

Жұтқыншақ дифтериясында тағам:

  • механикалық, химиялық, термиялық тұрғыда жеңіл;

Ескерту! Диета 3 аптадан кем емес уақыт сақталу қажет.


  • «В» тобының дәрумендері жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, жүйке талшығының өткізгіштік қабілетін арттырып, парез, параличтің алдын алады.

  • Калий жүректің қызметін жақсартып, миокардит дамуының алдын алады.

  • Бүйрек пен жүрекке салмақ түспейді, яғни нефрит, миокардит даму мүмкіндігін азайтады.




  • жұтқыншақты тітіркендірмейді

Дифтерияда ерте және кеш дамитын асқынулар ауру басталғаннан 1 – 3 аптадан кейін дамуы мүмкін.



6. 7 – 10 күн қатаң төсек режимі тағайындалады. (баланы көтеруге, отырғызуға да болмайды; емдеуге, тамақтандыруға, тазалық жұмыстарына байланысты барлық іс – шаралар төсекте жасалады.

Режим науқас жағдайы жақсара бастаса кеңейтіледі.



  • Нефрит, миокардит дамуының алдын алады.




7. Тері және шырышты қабықтардың күтімін жасау.

  • Тері және шырышты қабықтарда фибринді қабықтар орналасады.

8. Физикалық, эмоциялық күштерді азайту керек.

  • Асқынулардың алдын алу үшін.

9. Диурезді және несептің бөлінуін 3 аптаға дейін бақылау қажет

  • Дифтерия 1 – 3 аптаның ішінде нефритпен асқынуы мүмкін.

Алдын алу. Арнайы алдын алудың маңызы өте зор. Ұлттық егу кестесі бойынша АКДС вакцинасын 0,5 мл мөлшерінде санның алдыңғы, сыртқы бұлшық етіне егеді. Вакцинация - 2,3,4 айлық жасында; ревакцинация - 18 айда, 6 жаста; АДС –М – 16 жаста; Белсенді егуден басқа алдын алу шараларына: науқаспен қатынаста болғандар арасында бактерия тасымалдаушыларды анықтау, балаларды «жөтелу тәртібіне» үйрету, ЛОР – мүшелерін санация жасау, тұрмыста жеке бас гигиенасын сақтау, үнемі бөлмені желдету, баланың иммунитетін көтеру мақсатында дұрыс тамақтандыру, шынықтыру, салауатты өмір сүруді ұйымдастыру жатады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет