Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Мейірбикелік араласудың жоспары



бет20/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Мейірбикелік араласудың жоспары

Мейірбикелік араласудың орындалуы

1.Анықталған дифтерия ауруын керекті инстанцияларға хабарлау

  • СЭС – қа хабарлау

  • анықталған дифтерия ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау

2.Науқасты оқшаулау

  • Міндетті түрде науқасты ауруханаға жатқызады.

  • Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін ошақта қорытынды дезинфекция жасалады.

  • Науқасты жазылып кеткенше оқшаулайды + ВL – ға бак. зерттеу қорытындысы теріс нәтиже болуы тиіс.

3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру

  • Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады)

  • Карантин 7 күнге жарияланады. Карантин ошақта тағы дифтерия анықталмаса ғана алынады

  • Қатынаста болғандар арасында дифтерияны анықтау үшін карантин кезінде күнде таңертең, кешке балалардың дене температурасын тексереді, жұтқыншақта, тері және шырышты қабықтарында ақшыл - сұр қабықшаның болуын, улану белгілерінің пайда болуын қадағалайды.

  • Қатынаста болғандардың барлығынан мұрын және жұтқыншағынан ВL – ға жағынды алады.

  • Бак. зерттеудің нәтижесіне байланысты мына шаралар өткізіледі:

  • теріс нәтиже - ұжымға жіберіледі;

  • ВL – дің улы емес түрі анықталса - мұрын және жұтқыншағына санация жасалып, ұжымға жіберіледі;

  • ВL – дің улы түрі анықталса – ауруханаға жатқызылады.

4.Жұқпаның таралуына жол бермеу:

а) ауа - тамшы

б) қатынас арқылы жұғу жолы


  • Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.

  • Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің желдетілуін қадағалау.

  • Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орындалуын қадағалау.

  • Адамдардың бір жерге жиналмауын ескерту.

  • Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде хлорлы режим ұйымдастыру.

  • Күнделікті дезинфекция жүргізу.

  • Жеке бас гигиенасын сақтауды қадағалау.

5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру

  • витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау

  • салауатты өмір сүруді ұйымдастыру

  • әлсіз, жиі ауыратын балаларға енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында иммуноглобулин егу.


Негізгі күтімі.

Дифтерия кезіндегі күтімнің негізгі мақсаты:



  • жұқпаның таралуына жол бермеу;

  • науқас жыағдайын жақсарту;

  • асқынулардың алдын алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет