Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Қызылшаға тән клиникалық белгілер



бет50/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Қызылшаға тән клиникалық белгілер:

  • Өте күшті білінетін катаральды өзгерістер (құрғақ, кейде иттің үргені тәрізді жөтел, мұрыннан су ағу, жұтқыншақтың қызаруы).

  • Коньюнктивит, көздің жарыққа қарығуы.

  • Бельский – Филатов – Коплик дағы (бөртпе шығу кезеңіне 1 – 2 күн қалғанда ұрттың және кіші азу тістер тұсында айналасы қызарған ақ жарма тәрізді бөртпелердің шығуы, бір – бірімен қосылмайды, мақта домалағымен, шпательмен алынбайды).

  • Дақ –папула тәрізді бөртпе:

  • Бір – бірімен қосылуға бейім;

  • 3 күн ішінде кезеңмен шығады (бет – дене – қол – аяқ);

  • бөртпелердің шығуы температураның көтерілуімен қатар жүреді, улану және катаральды белгілер күшейеді;

Егілген балаларда қызылшаның клиникасы өзгерген – атипті түрі дамиды.Оның инкубациялық кезеңі ұзарады, жеңіл ағымда, дене температурасы қалыпты немесе аздап көтерілген, катаральдық белгілер де күшті білінбейді. Бөртпе шығу кезеңі қысқарып, кезеңмен шығуы сақталмайды. Бельский – Филатов – Коплик дағы болмайды.

Қызылша асқынулармен қауіпті. Олар: пневмония, бронхит, стоматит, энтерит, колит, менингит, энцефалит т.б.



Емі. Науқасты үйде емдеуге болады. Егер науқас ауруханаға жататын болса қоздырғыштың аса ұшпалылығына байланысты мельцер боксына жатқызылады. Арнайы емі ретінде қызылшаға қарсы иммуноглобулин беріледі. Детоксикалық, симптомдық ем және коньюнктивитті, катаральдық белгілерге жергілікті ем қолданылады. Қызылшаны емдеуде антибиотиктер кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет