Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Желшешек анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру



бет46/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
Желшешек анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру.

Мейірбикелік араласулардың мақсаты – желшешектің таралуына жол бермеу.



Мейірбикелік араласудың жоспары

Мейірбикелік араласудың орындалуы

1.Анықталған желшешек ауруын керекті инстанцияларға хабарлау

  • СЭС – қа хабарлау

  • анықталған желшешек ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау

2.Науқасты оқшаулау

  • Науқасты үйде емдеуге болады.

  • Науқасты соңғы бөртпеден кейін 5 күнге оқшаулайды

3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру

  • Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады)

  • Желшешек аса ұшпалы болғандықтан карантин 21 күнге балабақшаның барлық бөліміне жарияланады. Карантин 22 - күні ошақта тағы желшешек анықталмаса ғана алынады.

  • Қатынаста болғандар арасында желшешекті анықтау үшін бақылау жүргізіледі (күнде термометрия, тері, шырышты қабықтарды тексеру).

4.Жұқпаның ауа – тамшымен таралуына жол бермеу

  • Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.

  • Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің желдетілуін қадағалау.

  • Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орыдалуын қадағалау.

  • Адамдардың бір жерге жиналмауын ескерту.

5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру

  • Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.

  • Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.

  • Әлсіз, жиі ауыратын балаларға дәрігердің нұсқауымен енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында иммуноглобулин енгізу.

Желшешекпен ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Екінші рет жұқтырылса, белдемше герпеспен ауыруы мүмкін.

Негізгі күтімі.

Желшешек ауруы кезіндегі күтімнің негізгі мақсаты:



  • жұқпаның таралуына жол бермеу;

  • науқас жағдайын жақсарту;

  • везикулалардың іріңдеп, асқынуының алдын алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет