Мейірбикелік араласулардың мақсаты – қызылшаның таралуына жол бермеу.
Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Мейірбикелік араласудың орындалуы
|
1.Анықталған қызылша ауруын керекті инстанцияларға хабарлау
|
СЭС – қа хабарлау
анықталған қызылша ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау
|
2.Науқасты оқшаулау
|
Науқасты үйде емдеуге болады.
Науқасты бөртпе пайда болғаннан бастап 5 күнге оқшаулайды
|
3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру
|
Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады)
Қызылша аса ұшпалы болғандықтан карантин 21 күнге балабақшаның барлық бөліміне жарияланады. Карантин 22 - күні ошақта тағы қызылша анықталмаса ғана алынады.
Қатынаста болғандар арасында қызылшаны анықтау үшін бақылау жүргізіледі (күнде термометрия, тері, шырышты қабықтарды, коньюнктиваны тексеру, улану белгілерінің пайда болуын қадағалау).
|
4.Жұқпаның ауа – тамшымен таралуына жол бермеу
|
Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.
Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің желдетілуін қадағалау.
Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орыдалуын қадағалау.
Адамдардың бір жерге жиналмауын ескерту.
|
5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру
|
Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.
Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.
Әлсіз, жиі ауыратын балаларға дәрігердің нұсқауымен, 3 –5 күннен кешіктірмей (қатынаста болғаннан кейін) енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында қызылшаға қарсы иммуноглобулин енгізу.
Қатынаста болғандарға дәрігердің нұсқауымен қызылшаға қарсы вакцинация жасау.
|