Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары



бет61/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Диагностика. Нәжісті бактерологиялық зерттеу. Бұл зерттеу антибиотикпен емдеуге дейін жүргізілуі тиіс.

Емі. Этиотропты ем. Бактериофагтар (сальмонелла, дизентерия), антибиотиктер, оралдық регидратация. Оралдық регидротация эксикоздың 1 және 2 дәрежелерінде өткізіледі. Эксикоздың 1 дәрежесінде дене салмағы 5% - ке дейін кемиді. Оралдық регидратация мақсатында глюкосолан, регидрон, ОРС қолданылады. Оралдық регидратация 2 кезеңмен жүргізіледі:

1 кезең - алғашқы регидратация: жоғалтқан сұйық пен тұздың орнын ауыз арқылы толтыру мақсатында.

2 кезең - қолдаушы регидратация: токтаусыз кетіп жатқан сүйык пен тұздың орнын толтыру мақсатында жүргізіледі, яғни эксикоздың дамуының алдын алу үшін.

Оралдық регидротацияны жүргізу схемасы:

1) Керекті ерітіндінің мөлшерін есептеу керек.

Эксикоздың 1 дәрежесінде - 50 мл/кг.



      1. дәрежесінде - 90 мл/кг.

2) Ерітіндіні дайындау. 1 пакет ОРС немесе регидронды 1 литр бөлме темрературасына дейін салқындатылған суға ерітеді. Ерітіндіні бір тәулікке дейін қолдануға болады. Ерітіндінің керекті мөлшерін құйып алып, анасына береді. Баласына шәй қасықпен 5 – 7 минут сайын ішкізеді.

Алғашқы регидратация кезінде баладан бөлінген құсық, нәжіс пен жоғалтқан сұйыктықты жазып отыру қажет.

4 - 6 сағаттан кейін емнің нәтижесін яғни эксикоз белгілерін тексеру керек (үлкен еңбегінің түсуі, тері, шырышты қабықтары). Баланың жағдайы алғашқы регидратациядан кейін болуы мүмкін:


  • Эксикоз күшейеді, мұндай жағдайда дәрігердің нұскауымен көк тамырға ерітінділер құйып бастайды.

  • Эксикоз азайған, бірақ белгілері сақталған. Алғашқы регидратацияны қайталайды.

  • Эксикоз белгілері жоқ. Қолдаушы регидратация жүргізіледі. Әр 4 - 6 сағат сайын құсықпен, нәжіспен кеткен сүйыктық мөлшерін ауыз арқылы енгізеді. Бақылау парағына жоғалтқан сүйық мөлшерін жазып отырады. Қолдаушы регидратация диарея мен құсық тыйылғанша жүргізіледі.

Детоксикалық ем, фермент, витамин, симптомдық ем. Энтеросорбенттер (смекта карболен), бифидобактерин, лактобактерин.

Тамақтану. Ана сүті беріледі. Ол болмаса қышқыл сүт қоспаларын беруге болады. Майлы тағадар, қара нан, сиыр сүті, газдалған сусын бермеген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет