Алдын алу. Алдын алу шаралары ауру көзін анықтауға, жұқтыру жолдарын үзуге, бала ағзасының жұқпаға қарсылығын арттыруға бағытталады. эпидемиологиялық таралудың 3 кезеңіне бағытталады. Донорларды тексеру, бұрын гепатитпен ауырғандардан, созылмалы гепатитпен ауыратындардан, бұрын қан құйдыртқан адамдардан қан алуға болмайды. Гемотрансфузия тек дәрігер нұсқауымен ғана жасалады. Қанды және оның компоненттерін бір ампуладан тек бір реципиентке ғана құяды. Қанмен және басқа биологиялық орталармен жұмыс істегенде резеңке қолғап кию керек. Соңғы кезде жыныстық жолмен жұғатын «В» вирусты гепатиті көбейді. Сондықтан зиянсыз жыныстық қатынас туралы саитарлық – ағарту жұмыстарын жүргіз қажет. Ағзаның жұқпаға қарсылығын арттыру және иммунитті көтеру мақсатында дұрыс тамақтандыру, шынықтыру, күн режимін сақтау, салауатты өмір сүруді ұйымдастыру жатады.
Ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру гепатит В – ға қарсы вакцинация жасау арқылы жүзеге асады. Вакцинация (V1- туылғанннан кейін 12 сағат ішіндеі, V2 – 1 айында, V3 - 4 айлық жасында). Вакцинаны 0,5 мл мөлшерінде, санның сыртқы, жоғарғы бөлігіне бұлшық етке жасалады. Жасөспірімдер мен ересектерге дельта бұлшық етіне жасайды.
Полиомиелит
Полиомиелит – полиомиелит вирусымен шақырылатын, бірнеше клиникалық түрлермен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Аурудың қоздырғышы қоршаған ортада төзімді, ұшпалы емес. Вирус нәжіспен, мұрын бөліндісімен бөлінетіндіктен, нәжіс – ауыз және ауа - тамшы жолы арқылы жұғады. Полиомиелитте ОЖЖ – нің қимылдық нейрондары зақымданады, бірақ біркелкі емес (мозайка түрінде) зақымданғандықтан, ассимметриялы парездер мен параличтер осы аурудың бірден – бір белгісі болып табылады.
Инкубациялық кезең 7 – 12 күнге созылады.
Полиомиелиттің жіктелуі.
І. ОЖЖ – нің зақымдануы жоқ:
инапаранттық түрі;
абортивтік түрі (әлсіз түрі)
ІІ. ОЖЖ – нің зақымдануымен:
менингеальдық түрі;
параличтік түрі:
спинальдық
понтиндік
бульбарлық
аралас
Достарыңызбен бөлісу: |