Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Вирусты гепатиттердің дифференциальды – диагностикалық белгілері



бет66/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73
Вирусты гепатиттердің дифференциальды – диагностикалық белгілері.

Диагностикалық белгілері.

А, Е гепатиттері

В, С, D гепатиттері

Науқастың жиі ауыратын жас шамасы

1 жастан жоғары

1 жастқа дейін

Негізгі таралу жолы

Нәжіс - ауыз

Парентеральдық

Инкубациялық кезең

10 – 45 күн

60 – 180 күн

Аурудың басталуы

жедел

баяу

Сарғаю алды кезеңіндегі улану белгілері

Күшті білінеді

Әлсіз білінеді

Сарғаю кезеңіндегі улану белгілері

Басылады

Күшейеді

Сарғаюдың күшеюі

Тез (науқас 1 түн ішінде сарғаяды) және сарғаюдың қайтуы да шапшаң

5 – 7 күнде, кейде ұзақ баяу басталады, әбден сарғайғаннан кейін 5 – 10 күн бір күйде тұрады да баяу қайтады

Ағымы

Көбіне жеңіл өтеді

Ауыр түрде, созылмалы, В + Dельта қосылғанда бауыр комасымен қатерлі дамиды

Ақыры

Бауырдың структурасы мен қызметі қалпына келіп, жазылып кетуі жиі кездеседі.

Көбінесе созылмалы гепатиттерге ауысып, бауыр циррозы немесе обыр ауруы дамиды.

Қорытынды диагноз қаннан арнайы маркерлерді тапқаннан кейін қойылады.

Вирусты гепатиттердің диагностикасында лабораториялық зерттеулер 2 топқа бөлінеді:


  • Арнайы зерттеу әдістері – аурудың қоздырғышын, антиген және антиденелерін анықтауға негізделген. Практикада бұл әдістер қиындығына байланысты кеңінен қолданылмайды.

  • Арнайы емес зерттеу әдістері – бауыр зақымдануын, ауырлық дәрежесін бағалауда, аурудың ағымын және ақырын анықтауда шешуші рөл атқарады. Оған:

  • бауыр – жасушалық ферменттерді – трансаминазаны анықтау (инкубациялық кезеңде көбейіп бастайды);

  • билирубин және оның фракцияларын анықтау (аурудың дер кезеңінде билирубиннің байланыспаған түрі көбейеді);

  • зәрдегі өт пигменттерін анықтау.

Емі. Негізгі еміне қозғалыс режимі, емдік тамақтану, сусындар ішу, өт айдайтын препараттар (магниий сульфат, аллохол, холензим), гепатопротекторлар (эссенциале, легалон, корсил), поливитаминдер жатады.

Улану белгілері күшті білінгенде детоксикалық ем жүргізіледі.

Жедел кезеңі аяқталғаннан кейін барлық балаларды диспансерлік бақылауға алады. Балаларды дене шынықтыру сабағынан 3 – 6 айға босатады. Бұл кезде емдік дене шынықтыру жасалады.

Вирусты гепатиттер анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру.

Мейірбикелік араласулардың мақсаты – вирусты гепатиттердің таралуына жол бермеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет