Бастауыштың 4 сыныбында Қазақ әдебиетінің 2 бөліміндегі Оралхан Бөкейдің – «Құм мінезі » шығармасының мазмұны:
Негізгі идея: Оқушыларды отансүйгіштікке, кітап пен білімді өзінің алдына мақсат етіп қоятын жан дүниесі сезімтал да адал, мейірімді болуға тәрбиелейді. Кейіпкер арқылы соңғы демі қалғанша күресе алатындай тапқыр, қайсар, жақсылыққа жаны құштар, жігерлі, ең бастысы еңбекқор болуды үгіттейді. Әрдайым жақсылыққа ұмтылуды, әділетсіздікке қарсы күресуді насихаттайды.Сондай-ақ жаман қасиеттерден: қу, арамдық, еріншектіктен қашуды үйретеді.Болашақта қанша қиындық болса да, берілмеуге, өмірге құштар болу керек екенің айтады. Жақсылықтан ешқашан күдер үзбендер.
Адамдар бойындағы қаталдық пен мейірімді қатал қыс пен мамыражай жаздай қатар келтіріп, өз шығармасының соңына дейін бір-бірімен арпалысқа түсіреді. Өлердей өш жақсылық пен жамандық, қулық пен сұмдық, әділдік пен әділетсіздік күресін ашуға тырысты. Онда еңбек ететін Бархан мен қолды аяққа тұрмайтын жылпос Сейітқұлдың тіршілігі суреттеледі.Адал өмір сүрген келе жатқан Барханның еңбегі бағаланбай, керісінше қу Сейітқұлдың озат атану арқылы әділетсіздік бейнесі көрінді.Алайда бұған Бархан түк істемей, шүкіршілік етіп өмір сүрген.Оралхан Бөтей бұл шығармасында ар мен азаматтық алдындағы жауапкершілік бейнесін Бархан мен оның жары арқылы берсе, ал қулықты Сейітқұл мен Талды совхозының директоры, бөлім басқарушысы Әділқұл образы арқылы береді.Осы арқылы қоғамдағы әділетсіздіктермен күрестіре отырып ашқысы келді.Сейітқұлға атақ,даңқ, абырой маңызды болса, Бархан үшін алдамшы бақыттың да керегі жоқ. Автор бұл шығармасында, жансыз табиғат пен адамды үндестірді.Бұрын қоныс таппай көшіп жүретін сусылдақ, ұшқалақ Қызылқұмның ұзақ уақыт бойы тапжылмай бір орында жатып алуы табиғаттың адамға көрсеткен қырсық мінезі деп білем. Бұл жердің сырылдағаның тек бархан ғана ести алады. Жалғыздықтан көңіліне қаяу түскен сәтте, тірі жанға айта алмаған сырын құммен бөліскен. Жердің әрбір құсы, жануары, тасы оған қымбат.Бөкей адамды табиғаттан бөле жара қарамайды.Жазушы қашанда саналы адамнан санасыз табиғатты жоғары қояды.Бархан табиғат жанашыры. Ол жаралы құсты емдеп, асырағандығы, оның шын мәнінде табиғат жанашыры екендігін дәлелдеді.Оралхан кейіпкері, соңғы демі қалғанша күресе алатындай тапқыр, қайсар, жақсылыққа жаны құштар, жігерлі болды.Өз кейіпкерлернің бастан кешкен қиын күндерді өткізе отырып, өмір сүруге құштар етті.