Балалар әдебиеті СӨз сынып оқулығы бойынша Сейітжан Омаров


Бастауыштың 4 сыныбында Қазақ әдебиетінің 3 бөліміндегі Сырбай Мауленовтың– «Байқоңыр» өлеңінің мазмұны



бет25/30
Дата03.12.2023
өлшемі3,64 Mb.
#133586
түріӨмірбаяны
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Бастауыштың 4 сыныбында Қазақ әдебиетінің 3 бөліміндегі Сырбай Мауленовтың– «Байқоңыр» өлеңінің мазмұны:

Негізгі идеясы:Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерлері туралы білгізу. Қазақтың жері ғарыштың қақпасы болды, ғарыш десе көңілге туған жер топырағы төсіндегі Байқоңыр келеді. Қазақстандағы Байқоңыр космодромнан ғарышқа самғап ұшқан қазақтың ғарышкерлері-халық батырлары.Жалпы автордың мақсаты,оқушыларға патриоттық сезімді ұялатып, елі үшін мақтаныш сезімін тудыру. Елінің жетістігін біліп жүруге талпындыру.Жалпы Байқоңыр туралы білер-білмес бала көп.Сол себепті ол туралы балаға нақты дерек беру.Әлем бойынша ең бірінші зымыран Байқоңырдан ұшқан. Яғни елімізді, бүкіл әлем білуіне үлес қосқан дарқан жер.Ең ірі ғарыш аймағы болып саналады.Адамзат баласының ғарышқа ұшуы осы жерден басталды.Ғарыш кемесінің бейнесін сипаттау да бұл өленде кездеседі. Байқоңыр — Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған.1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.Қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды.Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.

3 автор:Оралхан Бөкей
Өмірбаяны: Оралхан Бөкей (1943-1993) – журналист, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында сұрапыл соғыстың отты жылдарында дүниеге келді. Найман тайпасы Көкжарлы Қаратай руынан шыққан. Оралдағы еңбек майданында жүрген әкесі аман келсін деген ырыммен, нәрестенің аты Оралхан деп қойылады. Ниеттері қабыл болып, әкесі аман-есен елге оралады. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан жастайынан өнерге қабілетті болып өседі. Малшаруашылығымен айналысқан ата-анасы алыста болғандықтан, әпкелері мен Оралхан көбінесе әжесінің тәрбиесінде болған.
1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектепті аяқтаған соң, пионер жетекшісі, «Алтайский» совхозында тракторист болды. 1963 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1969 жылы тамамдап шыққан. 1965–1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер болған. Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. 1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды. Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде іссапар кезінде Делиде қайтыс болды. Оралхан Бөкей атында Өскемен қаласында кітапхана, мектеп, көше бар. Алматы қаласында жазушы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, көшеге есімі берілген. Елімізде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізіліп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет