Балалар әдебиеті СӨз сынып оқулығы бойынша Сейітжан Омаров


Бастауыштың 4 сыныбында Қазақ әдебиетінің 3 бөліміндегі–Б.Қошым-Ноғайдың«Жарайсың, Айдын аға!» өлеңінің мазмұны



бет23/30
Дата03.12.2023
өлшемі3,64 Mb.
#133586
түріӨмірбаяны
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Бастауыштың 4 сыныбында Қазақ әдебиетінің 3 бөліміндегі–Б.Қошым-Ноғайдың«Жарайсың, Айдын аға!» өлеңінің мазмұны:

Негізгі идея: Балаларға еліміздің атын шығарған ұлы тұлғалар, батырларымыз жайлы мағлұмат беріп,таныстыру.Баланы партриоттық сезімге, еңбек сүйгіштікке, табандылыққа үйрету. Өскелен ұрпаққа ғарыш әлемі жайлы айтып, қызықтыру.Ғарышкер адамның еңбегі жайлы тоқталып кетіп, қолын сермеп жете алмайтын мамандық екенің көрсету.Яғни баланы еңбектенуге, шыдамдылыққа үйрету.Туған елге деген сүйіспеншіліктің үлгі тұтарлық азаматтардың бейнесін көрсетіп, отан үшін еңбек етуге баулау.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, техника ғылымының докторы, профессор Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген ол 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындаған.
Талғат Мұсабаев – қазақтың екінші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы. Өмірбаянына тоқталатын болсақ, ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында 1951 жылы 7 қаңтар күні туған. Әкесі Амангелді – журналист, анасы Салиха дәрігер болған. Өзі «жұлдызды жолды әке-шешем, ата бабаларым салды»,- дейді екен.
Өлеңде ғарышкер Айдын Айымбетов – Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, ғарышта болған үшінші қазақстандық ғарышкер, тәуелсіз Қазақстанның туы астында тұңғыш ұшқан. Ғарышкер 1972 жылы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Талды-Қорған ауданындағы Заря коммунизма ауылында (қазіргі Жетісу ауданы, Өтенай ауылы) дүниеге келген. Айдын Айымбетов – мұратқа, арманға, туған елге шынайы адалдықтың жарқын үлгісі. Ол қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында қалаған биіктерге жетуге болатынын көрсеткен тұлға.
Осындай ұлы тұлғаларды ,елім-жерім деген азаматтарды балаға үлгі ретінде көрсетіп, тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет