Балалар әдебиеті СӨз сынып оқулығы бойынша Сейітжан Омаров



бет4/30
Дата03.12.2023
өлшемі3,64 Mb.
#133586
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Балалар әдебиеті сөж

Шығармашылығы: «Ара» журналында қызмет жасай жүріп, бірнеше әзіл-сықақ кітаптарын шығарды. Жазушының алғашқы кітабы 1960 жылы жарық көрді және "Қоңырау"деп аталды.Атап айтқанда, қаламгер:«Жасыратын не бар?», «Қалтадағы қалдық», «Солақай», «Көктайғақ», «Сиқыр», «Ымды білесіз бе?», «Өзіміз білеміз», «Қайда безіп барасың?» және басқада кітаптардың авторы. Жазушының жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында төрт томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Бұл күнде оның кітаптарының саны жиырмадан асып жығылады.
Мұнан соң "Бытпылдақ", "Солақай", "Жасыратын не бар", "Күлкіңіз келе ме?", "Көктайғақ", "Сүзеген сөз", "Сиқыр", "Ымды білесіз бе?" әңгімелер жинағы жарияланды. Ол-"Чемпион Қожанасыр","Милау сиыр"пьесаларының авторы.
Оспанхан Әубәкіровтің таңдамалы әңгімелері орыс тіліне аударылып, "Сиқыр" атауымен ктіп болып шыққан. Жазушы, аудармашы Әзиз Несиннің "Ақыреттен келген хаттарын", Б.Нушичтің "Менің өмірбаянымын", Э.Рапкенің "Мюнхаузеннің хикаяларын", Лао Шэнің "Мысықтар қаласын" аударған. Ол " Жасыратын бар емес пе?"(1963), "Сыдық", "Ұзақ сөздің қысқасы" (1967), "Өзіміз білеміз" (1984).Оның шығармаларының арасында "Чемпион Қожанасыр", "Бетон адам", "Милау сиыр"комедиялары да бар.Жазушы А.Несиннің "сол дүниеден келген хаттар" (1965), Б. Нушичтің "Өмірбаян" (1968) және т. б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Әубәкіров "ң" өлеңін жазды, онда автор "ң" әрпінің мәнін ашады.Өлендері:

  • Жасыратын не бар. Әзіл-сықақ, мысалдар. А., ҚМ КӨБ, 1963;

  • Қалтадағы қайық. Сурет -кітапша. «Жазушы», А., 1964;

  • Күлеміз -ау. Сатиралық өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;

  • Солақай. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1968;

  • Көктайғақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

  • Сиқыр. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы». 1971;

  • Сүзеген сөз. Сықақ өлеңдер, А., «Жазушы», 1973;

  • Ымды білесіз бе? Сықақ әңгімелер, мысалдар. А., «Жалын», 1978;

  • Жасыратын не бар? Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979;

  • Қағаз қалпақ. Өлеңдер, тақпақтар, сықақтар, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар. А., «Жалын», 1983;

  • Өзіміз білеміз. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1984

Сатиралық жанрмен бірге О.Әубәкіров балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьесалар да жазған. Сонымен бірге ол композиторлардың әндеріне арнап жазған көптеген ән өлеңдерінің авторы.1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығына ие болды.
О.Әубәкіров – бүкіл өмірін сатираға арнаған қаламгер. Ол бұл бағытта қысқа жанрларда, атап айтқанда, сатиралық өлеңдер мен әңгімелер жазды. Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген «Шаштараз» атты алғашқы әңгімесімен сықақ әлемінде өз жолын бастаған қаламгер кейін ұтымды жазылған дүниелерімен көзге түсті. Сатириктің шығармалары басқа әріптестерінің жазғандарымен салыстырып қарағанда, уыттылығымен, айтар ойын нақпа-нақ дәл жеткізуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге ең бастысы жазғандарының көп бөлігінің көркемдігі жоғары деңгейде. Жазушы шығармаларының тілі құнарлы, бейнелі. Сатира мен юморға керекті көркемдік құралдарын дәл тауып пайдалана білуімен оқырман назарын аудара алады. Шығармалары көбінесе оқиғалы болып келеді, тіпті ең қысқа деген өлеңдерінің өзінде үнемі дерлік тосын түйінмен, қызықты тұжырыммен аяқталып отырады.Белгілі сатириктің отыздан астам шығармалары мен өлеңдер жинағы жарық көрді. Ол өзінің 52 жыл ғұмырында өшпес із, өлмес мұра қалдырды. Сатира саңлағы 1986 жылы дүниеден озған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет