Балалар әдебиеті туралы түсінік Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызы


ХІХ ғ. Ш. Уәлиханов, Г.Н. Потанин, бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдар еңбегі



бет10/13
Дата02.06.2023
өлшемі58,61 Kb.
#98185
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ХІХ ғ. Ш. Уәлиханов, Г.Н. Потанин, бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдар еңбегі:

С. Ф. Дуров, П. П. Семенов Тянь-Шаньский, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев Ш. Уәлихановтың білім-дарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті саласындағы білімпаздығын жоғары бағалады. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастады. Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, замандастарынан өресі анағұрлым биік адам болып шықты. «Шоқан нағыз плебейлік ортаға түсті... Плебейлік ортада өмір сүру Шоқанның демократиялық идеяларының қалыптасуына, сірә, әсер етпей тұра алмаған болуы керек», - деп жазады Г.Н. Потанин.

  1. Қобыландының батырлық, адамгершілік тұлғасы.

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Батыр ерліктің эпосында, Қобыландының эпостарында және ертегілерінде жеңілмейтін Жауынгер бейнесі бейнеленген. Қобыланды батыр өз отандастарын босануға байланысты бөлмеді, ал ол қай жүздің тумасы екенін сұрамай, барлық далаларды сүйіп, қорғады. Жасөспірімдер жылдары ол көшпелі өзбек мемлекетінің билігіне Әбілхайыр ханға жақындады.


15-билет

  1. Ы.Алтынсарин – педагог, ағартушы, аудармашы.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады.
Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жыл) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» - деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан атқарды. Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогтық мақсатына лайықты жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай - ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз – тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды". Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға – осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа – кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру — қалай дегенмен де аса қажет болып отыр", – деп жазды. Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады. Ыбырай Алтынсарин Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, В.И.Даль, К.Ушинский, И.И.Паульсон т.б. шығармаларын қазақ оқырмандарымен таныстырды. Атақты жазушы, тарихшы Илэр Бэлекк : «Аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс»,- деп айтқандай Ы.Алтынсариннің аудармалары қазақтың төл шығармаларына айналды десек артық айтпаймыз. Зерттеуші Р.С.Каренов : «Алтынсарин аудармаларының мысал жанрының қалыптасуына негіз болуы, қазақ əдеби тілінің дамуына жол ашуы»,- деп жазушының аудармашылық қызметіне жоғары баға берген.
Байқағанымыз, Ы.Алтынсарин кез – келген шығарманы аудармаған. Ол аударма нұсқаларды тек ағартушылық тұрғыдан ғана саралап алған. Шағын әрі оқырманға тәрбие беретін, эстетикалық тұрғыдан сұлу шығармаларды аударған. Көбінесе прозалық шығармаларды аударған, поэзиялық шығармаларды аз аударған.

«Бір уыс мақта», «Жамандыққа жақсылық», «Алтын шеттеуік» , «Үш ұры», «Аурудан — аяған күштірек» , «Силинші деген ханым», «Тышқанның өсиеті», «Мұңсыз адам» , «Тəкаппарлық» , «Данышпан қазы» т.б. шығармаларды аудару кезінде аударманың еркін түрін пайдаланған. Еркін аударма болса да түпнұсқаның ойын, стилін, жазушының жазу мәнерін дәл беруге тырысқан.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет