Ы.Алтынсарин «әке мен бала » талдау:
«Әке мен бала»әңгімесі «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», - дейді.
16-билет
Абай Құнанбаевтың қазақ балалар әдебиетіндегі тарихи рөлі.
Абай – балалар әдебиетін жасаушылардың бірі және оның ірі өкілі. Баланы оқытуға, тәрбиелеуге көп көңіл бөлген, зор мән берген ақын «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге» т.б. көптеген өлеңдерінде жастарды оқуға, өнер-білімге, өмірде орнын тауып, жақсы маман болып, халыққа қызмет етуге шақырады.
Мысалы: «Әсемпаз болма әрнеге» (1894) өлеңінде:
Әсемпаз болма әрнеге,-
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан! –
деп, жасөспірімдердің ойына қозғау саларлық ақыл айтады, болашаққа жөн сілтейді. Абай мұнда әрбір жас азамат өзіне мақсат қойып, сол мақсатты орындау жолында күш-қайратын жұмсап, әсіре қызыл тез оңатынын түсіндіреді. «Қулық саумақ, көз сүзіп тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды, — деп, мамандыққа, өнерге, шаруашылықтың әр жақты жұмыстарына икемді болуды насихаттайды.
Қайрат пен ақыл, қажымай-талмай ізденушілік, ерінбеу, еңбек етуадамды ойлаған мақсатына жеткізеді деп кеңес береді. Оңай олжаға тап болуды көздеу – ар-ұяттан безу, еңбексіз күн көруді мақсат ету – азғындықтың белгісі, сондықтан:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға,-
деп тұжырымды ой айтады. «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» деп, бала тәрбиелеу ата-аналар алдындағы ең жауапты міндет екенін ескертеді. Балаға қарағанда үлкен адамдардың өмірден көргені мен білгені, үйренгені көп, тым болмаса, соның өнегелі жақтарын жасөспірімдерге үйретіп отыру басты міндетке айналсын деген талаптар қояды. Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығының бірі – осы реалистік эстетика алғашқыда ол реализмнен бастап, 1898 жылдары Салтыков-Щедрин ізіндегі үлкен сатирик болды. Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңдері бір кездері айтылғандай әдебиеттегі формализмнің, яғни өлеңді қалай жазудың техникасы емес, реалистік эстетиканың программалық ұраны болды
Достарыңызбен бөлісу: |