Әлпештеу поэзиясы (бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары)
Жеткіншектер поэзиясы (маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдері,балалар өлеңдері:тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама)
Ойындық фольклор (ойын өлеңдері: тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы,ойынға байланысты жырлар: ойынға шақыру, қаламақ, санамақ, драмалық ойындар).
Фольклортанушы К.Ісләмжанұлы қазақ балалар фольклорын мынандай топтарға жіктеп, ішкі жанрлық түрлерге бөледі:
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай
Үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын (бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш шығармалар)
Балалардың өздері орындайтын шығармалар (қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдері)
Қазақ фольклоры алғашқы үлгілерінің жүйелі түрде жиналып зерттеле бастауы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ фольклорын жинаушылар ол кезеңде балалар фольклорына арнайы көңіл бөлген жоқ, халық мұрасының бір қыры ретінде бесік жыры, жұмбақтар, өтірік өлеңдер сияқты танымал жанрларды қағазға түсірді. Мысалы, Радловтың «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» еңбегінің қазақ фольклорына арналған үшінші томында өтірік өлең үлгісі кездеседі. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясында»(1879) қазақ халық әдебиетінің озық үлгілерінен балаларға лайықталған тамаша үзінділер мол. - Қазақ фольклоры алғашқы үлгілерінің жүйелі түрде жиналып зерттеле бастауы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ фольклорын жинаушылар ол кезеңде балалар фольклорына арнайы көңіл бөлген жоқ, халық мұрасының бір қыры ретінде бесік жыры, жұмбақтар, өтірік өлеңдер сияқты танымал жанрларды қағазға түсірді. Мысалы, Радловтың «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» еңбегінің қазақ фольклорына арналған үшінші томында өтірік өлең үлгісі кездеседі. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясында»(1879) қазақ халық әдебиетінің озық үлгілерінен балаларға лайықталған тамаша үзінділер мол.
Достарыңызбен бөлісу: |