«Балалар психологиясы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы (Syllabus)



бет5/9
Дата01.10.2022
өлшемі237,8 Kb.
#41067
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Силлабус Балалар психологиясы

7. СӨЖ-ге ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) аудиториядан тыс жүргізілетін сабақ. Жоғары оқу орнының студенттері қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша дағдыларын қалыптастыруы тиіс. Мамандыққа сәйкес білімді игеріп, дүниетанымын, рухани әлемінің ауқымын кеңейтіп, ойлау логикасын дамытуы қажет.
Студенттің өздік жұмысының мақсаты – студенттерді ғылымға, кәсіптік терең білім алуға баулу. СӨЖ барысында ауызша, жазбаша тілін жетілдіріп, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық іс-дағдылары қалыптасады.
Баспасөз беттерінде арнайы тақырып төңірегінде көптеген ғылыми мақалалар, ұсыныстар, пікірлер жарияланып, көпшілік назарына ұсынылып жүр. Студенттер осы тақырып бойынша өз беттерімен ізденіп, мәселе жөнінде жарияланған мақалаларды сараптап, талдай отырып өзіндік ой-пікірлерін жинақтап бере білуі керек. Олар берілген бағдарламаны басшылыққа ала отырып еңбектенеді, өзіндік ғылыми тұжырымдамаларын баяндайды. Жұмыстың негізіне студенттің өзіндік бақылауы, ізденіс нәтижесі жатады. Студенттің өздік жұмысының тақырыбы, сағат саны типтік бағдарлама негізінде құрастырылады. СӨЖ-дің мақсаты мен міндеті қойылады. Қарастырылатын сұрақтар, тапсырмалар және әдебиеттер тізімі беріледі.
Пән 1 ғана кезең оқытылады, ағымдық бақылау мен 2 аралық бақылау тапсырмалары бар. Осы талаптарды орындаған студент емтиханға жіберіледі. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындау, баспасөз материалдары және тақырыптық сөздіктер мен анықтамалар бойынша жоспар құру.
Бақылау түрлері – реферат, конспект, ауызша баяндау, рецензия жазу.
Студент СӨЖ-ге дайындық барысында әр сұраққа жауапты тезис түрінде қысқаша жазады.
Жауап беру барысында өзінің дәптеріндегі жазбаларына, тезистеріне қарау рұқсат етіледі.

СӨЖ тапсырмалары







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет