Гипогликемиялық кома.
Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.
2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.
Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.
Жедел жәрдем.
1. Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.
2. Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.
3. Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.
4. Дымқылданған оттегі беріледі.
5. Бала есін жиған соң тамақтандырылады.
Балалардағы ҚД 2 СКРИНИНГі
Американдық Диабеттік Ассоциацияның (ADA) ұсыныстарына сәйкес, 2014 ауру белгілері болмаған жағдайда диабетке скринингті:
- Артық салмағы және/немесе 2 қосымша қатер факторы
- семіздік
- Қант диабетімен ауыратын бірінші немесе екінші ұрпақ туысқандары, инсулинорезисторлық белгілері
- Ана анамнезінде гестационды диабет болған жағдайда,
- 10 жастан асқан балаларға (жыныстық жағынан ерте жетілсе, одан да жас) және жасөспірімдерге жасауға болады.
- Егер тест нәтижелері жақсы болса, оны әр 3 жыл сайын өткізіп тұру керек.
Аш қарында плазма глюкозасының деңгейі келесідей көрсеткіштерге ие болса, диагноз қоюға түрткі болады:
- 6,1 ммоль/л дейін— қалыпты мөлшер
- 6,1-7,0 ммоль/л — аш қарында гликемияның бұзылуы;
- 7,0 ммоль/л аса —ҚД алдын ала диагнозы, қандағы глюкозаны қайта тексеру арқылы расталу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |