Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі: - Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:
- 1. Ауру қатты екпінді басталады.
- 2. Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.
- 3. Асқынуға бейімді.
- Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар. Бұл комалар жедел жәрдемді қажет етеді.
- Диабеттік кетоацидоз (ДКА) және кетоацидоттық кома – зат алмасудың ауыр диабеттік декомпенсациясы, глюкоза деңгейінің және қандағы кетондық денелер шоғырлануының тез көтерілуімен, несепте пайда болуы мен метаболиялық ацидоздың дамуымен, естің түрлі дәрежеде бұзылуымен немесе естің болмауымен көрініп, шұғыл жатқызуды қажет етеді.
- Кетоацидоздың I деңгейі: жалпы әлсіздікпен, шөл және полиуриямен, тәбеттің көтерілуімен, бірақ соған қарамастан, салмақ жоғалтумен, тыныс шығарғанда ацетон иісінің болуымен сипатталады. Ес сақталады. Гипергликемия, гиперкетонемия, кетонурия +, рН 7,25-7,3 тән. Кетоацидоздың IІ деңгейі (прекома): аталған белгілердің асқынуы, демікпе, тәбет төмендейді, жүрек айну, құсу, іш ауыру. Ұйқышылдық пайда болып, сомнолентно-сопороздық күйге өршиді. Гипергликемия, гиперкетонемия, кетонурия +, рН 7,25-7,3 тән. Кетоацидоздың IІІ деңгейі (команың өзі): есті жоғалту, рефлекстердің төмендеуі мен жоғалуы, дегидратациямен айқындалатын коллапс, олигоанурия: тері мен шырышты қабықтың құрғақтануы (тілі, ерні, ауыс қуысы құрғақ), куссмаулді тыныс алу, ДВС-синдром белгілері (суық және көгерген аяқ-қолдар, мұрын ұшы, құлақ қалқаны). Зертханалық көрсеткіштер нашарлайды: гипергликемия, гиперкетонемия, кетонурия +++, рН < 7,0. 1-типті ҚД инсулинотерапия жүргізгенде, физикалық жүктемелерде, 1 типті ҚД ауыратындардағы көмірсулардың жеткіліксіз қабылдамауы кезінде гипогликемиялық күй байқалуы мүмкін.
Гипергликемия.Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |