Балалардағы гастродуоденит



бет1/3
Дата10.10.2022
өлшемі22,11 Kb.
#42191
  1   2   3
Байланысты:
stud.kz-19725


Балалардағы гастродуоденит.


Асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары қазіргі таңда ересектер арасында ғана емес, сондай-ақ балалар арасында да жиі кездесетін аурулардың бірі болып отыр. Жыл сайын науқастар саны, сәйкесінше аурулар түрі де көбейіп жатқандығы баршамызға мәлім. Мұның бәрі біздің пайдаланып жатқан тағамдарымызға, психоэмоционалды жағдайға және қоршаған ортамызға тікелей байланысты. Ас қорыту ағзаларының аурулары арасында гастрит, холецистит, панкреатит, колит секілді аурулар жиі кездеседі. Солардың бірі - гастродуоденит.


Гастродуоденит – (лат. gastroduodenitisгрек. γαστήρ асқазан+ он екі елі ішек + -ит - қабыну) он екі елі ішек пен асқазанның пилорикалық бөлімінің шырышты қабатының қабыну ауруы болып табылады.
Жиі созылмалы гастриттің қабыну процессі он екі елі ішекке жайылуынан дамиды.
Гастродуоденит жедел (тұрақсыз, қысқа мерзімді ауырсынулар) және созылмалы (асқазан мен 12-елі ішекте байқалатын жүйелі ауырсынулар, клиникалық көріністері айқын ) түрге бөлінеді. Созылмалы гастродуоденитте асқазанның шырышты қабатының толық өзгерістеріне дейін алып келетін секреторлы және моторлы-эвакуаторлық қызметтер бұзылысы байқалады.


Этиологиясы:
Гастодуоденит полиэтиологиялы ауру болып табылады және оған экзогенді және эндогенді факторлар алып келеді. Көп мөлшерде қышқылдың түзілуі, шырыш өндірілуінің төмендеуі мен секреция өндірілуінің гормоналды бұзылыстары себептерінен эндогенді факторлар дамиды. Сондай-ақ гастродуоденит дамуына бауыр мен өт жолдарының аурулары, эндокринді жүйеде қызметінің бұзылыстары алып келеді.
фЭкзогенді факторлардың туындауына физикалық (ащы, салқын немесе ыстық тағамдарды пайдалану) және химиялық препараттар қолдану (пестицидтер) алып келеді. Маңызды факторлардың бірі асқазан-ішек жолдарына Helicobacter pylori бактериясының енуі жатады.


Патогенез:
Патологиялық этиологиялық фарторлардың әсер етуі салдарынан асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабатында қабыну реакциясы пайда болып, ол өз кезегінде шырышты қабаттың физиологиялық регенерациясының бұзылуы мен атрофиясына алып келеді.
Сондай-ақ түрлі созылмалы асқазан-ішек аурулары оттегінің активті формаларының (ОАФ) артық мөлшерде түзілуі нәтижесінде пайда болған тіндердің бұзылыстарымен бірге жүреді.
Гастродуоденалды аймақтағы ОАФ түзілуінің негізгі себепшісі асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабатының инфильтрациясын туғызатын полиморфтыядролы лейкоциттер болып табылады. Антиоксидантты қорғаныс (АОҚ) жүйесі қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан қышқылдық орта бұзылады. Нәтижесінде жоғарыда аталған факторлар шырышты қабаттың секреторлы және моторлы қызметтері толығымен бұзылуы, яғни асқазан тонусы мен моторикасының күшеюі, 12-елі ішек дискенезиясына алып келеді.


Жіктелуі:

  • Этиологиялық факторларға байланысты:

  • біріншілік (экзогенді) гастродуодениттер

  • екіншілік ( эндогенді) гастродуодениттер


  • Орналасуына байланысты:

  • жайылмалы гастродуодениттер

  • орныққан гастродуодениттер

  • Қышқылдық деңгейіне байланысты:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет