Балалардағы гастродуоденит



бет2/3
Дата10.10.2022
өлшемі22,11 Kb.
#42191
1   2   3
Клиникалық көріністері:
Ересектермен салыстырғанда балаларда аурудың көріністері шамалы өзгеше болады, алайда асқазан-ішек жолдары бөлімдерінің жүйелі зақымдануына алып келеді. Мұндай өзгерістерге 12-елі ішектен бөлінетін, ас қорыту жүйесіндегі өзге ағзалардың секреторлы және эвакуаторлы қызметіне әсер ететін гормондар алып келеді. Нәтижесінде қабыну ауруларының үдемелі кезеңінде асқазан, ұйқы безә, өт шығару жолдары зардап шегеді. Жиі қыжыл мен жалған құсу шақырулары мазалайды. Бала салмақ жоғалтады, тері қабаты бозғылттанып, іштің аймағында ауырсыну сезімі, тілде сарғыш жабынды және тістің іздері байқалады. Бұдан өзге балалар вегетативті және ішкі дүниесінің күйзелістерінен зардап шеге бастайды.


Диагностика:
Гастродуоденит диагнозын гастроэнтеролог дәрігер анамнез жинау, сұрау және зерттеулер жүргізу (эзофагогастродуоденоскопия, қажет жағдайда асөазан шырышты қабатының биопсиясы, рентгенологиялық зерттеу) арқылы қоя алады. Сондай-ақ асқазан мен 12-елә ішек секрециясын тексеру- рН-метрия жүргізу қажет. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес ем тағайындалады.

  • Эндоскопиялық зерттеу

Эндоскопиялық зерттеу кезінде гастродуоденитте шырышты қабаттың ошақты немесе диффузиялық гиперемиясы,қатпарларының ісінуі мен гипертрофиясы, т.б. анықталады.
Кейде шырышты қабат бозғылт, жұқарған, қатпарлары жазылған болвп келеді. Ьұндай өзгерістер атрофиялық процесті көрсетеді. Алайда нақты атрофияның бар-жоқтығы мен оның дәрежесін тек гистологиялық зерттеу нәтижесі ғана көрсетеді.



  • Гистологиялық зерттеу

Шырышты қабаттағы қабыну және дистрофиялық процестерінің дәрежесін анықтау мақсатынла қолданылады.



Асқазанның секреторлы функциясын бағалау асқзан ішілік рН-метриямен жүргізіледі.
Асқазан денесі бөліміндегі қалыпты 5 жастан асқан балаларда рН= 1,7-2,5 ; гистамин енгізгеннен кейін -1,5-2,5 ке тең. Асқазанның антральды бөлімі қышқылды нейтралдау қасиетіне ие, қалыпты жағдайда рН-5 тен жоғары, яғни асұазан денеси мен антральді бөлімдері арасында рН айырмашылығы 2 ге тең. Бұл көрсеткіштің төмендеуі антральді бөлімдегі нейтралдау қасиетінің төмендегендігін, сәйкесінше 12-елі ішектің қышқылданғанын көрсетеді.
Балалардағы созылмалы гастродуоденит жиі секреторлы функцияның қалыпты немесе жоғарылаған деңгейінде көрінеді.
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет