Қ ан жасушаларының автоматты талдағышында жүргізілген ЖҚТ
ТТА көрсеткіштері:
эритроциттің орта мөлшері–MCV төмен (80 фл-дан төмен);
Эритроцитегі Hb–MCН орташа (26 пг-дан төмен);
Эритроциттегі Hb–МСНС шоғырлануы орташа (320 г/л-ден төмен);
эритроциттердің анизоцитозы–RDW жоғары деңгейде (14%-дан жоғары).
Б иохимиялық қан талдауы
ТТА көрсеткіштері:
сарысудағы темір концентрациясы төмендеген (12,5 мкмоль/л-ден аз);
сарысудың жалпы темір байланыстыру қабілеті жоғарылаған (69 мкмоль/л-ден астам);
трансферриннің темірмен қанығу коэффициенті төмендеген (17%-дан аз);
сарысу ферритині төмендеген (30 нг/мл-ден аз);
еритін трансферриндік рецепторлар (рТФР) көтерілген (2,9 мкг/мл-ден астам).
«Балалардағы ТТА-ны емдеуге арналған пероральды темір препараттарының емдік мөлшері»
Жүктеу
ТТА дифференциалды диагностикасы анемияның басқа түрлерімен қатар жүргізіледі: тапшылық (В12-тапшылығы, фолий қышқылының тапшылығы), басқа микроцитарлық (талассемиялар және т.б.) және созылмалы аурулардағы анемия.
Темір тапшылығы анемиясын тиімді емдеу үшін қан көрсеткіштерін қалыпқа келтіріп, анемиялық және сидеропениялық синдромдарды тоқтату қажет. Балалардағы темір тапшылығы анемиясын емдеудегі негізгі қағидалар көрсетілген схемамен танысып шығыңыз.
Схема «ТТА-ны емдеудегі негізгі қағидалар»
Дәрілік емес емдеу әдістері:
Дәрілік емдеу: негізінен пероральды препараттар қолданылады. Бұл препараттардың тәуліктік мөлшері төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте
Балалардағы ТТА-ны емдеуге арналған пероральды темір препараттарының терапиялық мөлшері
Достарыңызбен бөлісу: |