Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері


Ұстамалы прогредиентті (өзгерісті) шизофрения



бет31/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

Ұстамалы прогредиентті (өзгерісті) шизофрения

Шизофренияның бұл түрінде (басқаша шуб тәрізді дейді) дерттің ағымы өзгерісті болады. Немістің «шуб» деген сезі жылжуды, өзгерісті көрсетеді. Бұл дерттің қозуынан ауруда шизофренияға тән өшпейтін өзгеріс болады.

Ауру қозудың алдында үнемі ағымды дертке тән белгілер білінеді. Басқаша айтқанда, дерттің қозуы жеке адамда болатын невроз, психопатия тәрізді және сандырақ белгілері бар кезде басталып, онан соң ұста-ма мерзімінің арасында да сақталуы мүмкін. Ұстама сандырақты, елестеушілігі, невроз тәрізді белгілері бар аффективті-маниакальды және депрессивті бұзылулар ретінде білінеді. Басқаша айтқанда, дерттің қозу-ы ма-ңиакальды, депрессивті белгілер не күрделі маниакаль-ды сандырак, депрессивті сандырақ, маниакальды елес-теушілік-сандырақ, депрессивті елестеушілік-сандырақ, аффективті жабысқақ белгілер ретінде білінеді. Дерт-тің қатты қозуы Қандинский — Клерамбо белгілері бар аффективті-маниакальды, депрессивті түрінде болуң мүмкін./

Дерттің қозуы бірнеше сағаттан бірнеше күнге, ап-таға, айға созылуы мүмкін. Кейде ұстама бір-ақ рет болып қайталанбайды. Бірақ ол бірнеше аптадан, айдан, жылдан соң жиі қайталанады. Ұстамадан кейін ауру-дың қатты белгілері жойылады. Бірақ ұстама арасында аурудан бұрынғы (невроз, психопатия тәрізді, санды-рақ) өзгерістер сақталады. Мұнан баска, ұстама ара-сында жеке адамда эмоциональды салқындық, ойлау-дың бұзылуы сияқты шизофрениялық езгерістер болады. Мұндай өзгерістер бір ұстамадан екіншісіне дейін тереңдейді. Аурудың ағымы және ұстаманың көрінісі жағынан ұстамалы прогредиентті шизофрения үнемі ағымды не рекурентті шизофренияға жақын тұрады.

* Рекурентті (мерзімді) шизофрения

Шизофренияның бұл түрінде ұстаманың соңынан ауру мүлде жазылып кетеді. Мұнда онейроидты ката-тониялық, депрессивті-параноидты және аффективті (депрессивті, маниакальды) белгілер болады.

Кейбір ауруларда ұстама кезінде әр түрлі белгілер, ал басқаларда, біркелкі белгілер (клише типі) болады. Аурулардың бір бөлігінде ұстама бүкіл емірінде бірақ рет болуы мүмкін. Бұл кебіне пубертатты, жасеспірім кезеңде болады. Ал кейбір ауру адамдарда жылына 2—3 рет болады. Кейде ұстама пубертаттық, жасеспі-рім, кәрілікке жакын, кәрілік кезінде болады. Кейбір адамдарда ол соматикалық (жұкпалы және жұқпалы емес) аурулардан соң, психикалық жарақаттанудан кейін пайда болады. Кейбір әйелдерде босанудан кейін

боладьь/

Рекурентті шизофренияда ұстама бірнеше айға, кей-де бірнеше күннен бір-екі аптаға дейін созылады. Ал аурудың депрессивті түрі бірнеше айға не бірнеше жыл-ға созылады. Бұны емдеу қиын. Ұстамадан кейін адам-ның психикасы нашарлап, астения болып, белсенділік пен ынта төмендеп, басқа адамдармен байланысы шек-теледі. Ауырудың басында пубертаттық, жасөспірім ке-зінде инфантилизм, ез билігін жоғалту, біреуге бағыну сияқты езгерістер білінеді. Кейбір аурулар өз денсау-лығын сақтауға ерекше көңіл бөліп, педантты, ригидті

болады.

Кейбір кезде аурудағы езгерісті білу қиын, сондық-тан рекурентті шизофрения маниакальды-депрессивті' психозға жақындайды.

Шизофрения әр жаста дамуы мүмкін (оның мани-фестациясы жиі жас кезде болады). Осыған байланысты шизофренияны балалык, жасөспірім, кеш (40 жастан кейін) және кәрілік (60 жастан кейін) деп бөледі.

Аурудың нақты білінуі, психопатологиялық белгі-лердің маңызы жасқа қарай ерекше болады. Әр жаста-ғы ауру ағымының жалпы ұқсастығы да болады.

Балалар шизофрениясы 2—4 жаста басталады. Олар-дың белсенділігі төмендеп, ата-анасымен және жақын-дарымен қарымжатынас жойылады, емірге деген құш-тарлық жоғалып балаға тән емес ықылас пайда болады. Ауру балаларда түсініксіз жаксы көрушілік, китұркы-лы сөйлеу және козғалу, жабысқақтық болуы мүмкін. Сандырақ тәрізді қиялдар жиі болады. Мұндай бала-ларда түнгі үрейлер (балалар үрейлер туралы ештене айтпайды және оларды түсіндірмейді), кататониялык бұзылулар болады.

Кейбір зерттеушілердін болжамы бойынша бала кездегі шизофрения акылдың кемістігі — олигофрения-ға әкеліп соғады дейді. Оны «олигофрениялык плюс» деп атайды. Осы көріністе кейін шизофренияның жаңа козулары болуы мүмкін. Керісінше, олигофрениямен ауырған балаларда шизофрения басталуы мүмкін. Мұн-да пфропфшизофрения туралы айтады.

Эпидемологиялық мәліметтер. Шизофрения жиі кез-десетін психикалық аурулардың бірі. Оның пайда бо-луын зерттеу қиындықтарға байланысты. Мұның себебі әр түрлі психиатриялық мектептердің бұл ауруға деген көзқарасы түрліше. Тағы бір қиындығы мұндай ауру-ларды сау адамдардан ажырату қиын. Калалық аудан-дарда шизофренияның таралуы туралы кейбір мәлімет-тер бар. Әр мың адамға бұл аурудың таралуы 8,2 адам (Әйелдер арасында 8,44 және ерлерде 7,94). Шизофре-ния ұл балаларда жиі кездеседі деген мәліметтер бар.

Аурудың шығу тегі мен патогенезі. Қазіргі көзқарас бойынша шизофрения тұкым куалаушылық жағынан тез қабылданатын ауруларға жатады. Мұның айғағы ретінде шизофрениямен ауырған отбасында шизофре-ниялық психоз және адамның жеке басының өзгеруі жиі кездеседі. Мұнан басқа, шизофренияның тұқым қуалайтын ауру екенінің айғағы ретінде егіз туған ба-лаларды зерттеудегі алынған мәліметтерді алуға бола-ды. Бір жыныс клеткасынан шыққан егіздерде аурудың сәйкестігі (конкорданттығы) жоғары болады.

Аурудың патогенетикалық механизмі әлі белгісіз, бірақ көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша психоз-дардың шығу себебі нейромедиаторлардың бұзылуынан.

Шизофренияның пайда болуын биогендік аминдер мен олардың ферменттерінің, катехоламиндер, индола-мин т. б. алмасуының бұзылуынан деген қағидалар бар. Мұнан басқа мембранның жетімсіздігін, ауру адамның организмінде тканьдерді зақымдап, миға қарсы әрекет жасайтын антиденелерді тудыратын биологиялық кемістіктің бар екені аныкталды. Бірақ, айтылғандардың бәрі болжама себептер, аурудың пайда болуында олар-дың ролі анықталмаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет