Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет34/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

Реабилитация (ақтау)

Ақтау шаралары емдеудің барлық мезгілінде жүр-гізіледі. Бұған еңбек терапиясын ертерек енгізу, мәде-ни терапия, топ терапиясы, аптаның соңында үйлеріне жіберу, аурухананы жартылай пайдалану, жұмысқа ор-наластыру, кемістігі болған жағдайда емдеу, еңбек ше-берханаларына, өндіріс орындарындағы арнайы цех-тарға орналастыру жатады.



Еңбек және сот-психиатриялық экспертиза

Еңбек экспертизасы. Шизофрениямен ауырған адам-дардың барлығында да еңбек кабілеті төмендемейді және жойылмайды. Кейбір жағдайда ауруынан жазыла бастаған адамда кәсіби өсу болуы мүмкін. Шизофре-ниямен ауырған адамдардың еңбек қабілеті аурудың клиникасына, ағым түріне және биологиялық, үйдегі және жұмыстағы әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.

Ауру қозған кезде адам уақытша еңбек қабілетін жоғалтады. Емдеу шараларына қарамай аурудың ағы-мы еңбекке ұнамсыз әсер етсе не аурудың қозуы жұ-мысқа оралуына байланысты болса, ауру адам мүге-дектікке ауыстырылады. Еңбек қабілеті жартылай сақ-талғанда III топтағы мүгедектік, еңбек қабілетін уа-қытша жоғалтқанда II топтағы мүгедектік, басқаның көмегінсіз өмір сүре алмаған жағдайда I топтағы мүге-дектік беріледі. Мүгедектіктің топтары қайта қаралуы мүмкін.

Енбекке деген қабілеттікті психиатриялық диспан-серлер және ауруханалармен байланысты түрде арнайы дәрігер — еңбек экспорт комиссиясы жүргізеді.

Сот экспертизасы. Шизофрениялық процесс психоз-ға не жеке адамның қабілетсіз болуына әкеліп соғады. Қабілетсіз адамның ез әрекетіне есеп беруге шамасы болмайды. Егер мұндай процесс кезінде адамның ісі сотта не өзі түрмеде болса, оны жазадан босатып, пси-хиатриялық ауруханаға емделу үшін жіберу керек.

Егер аурудың қозуынан кейін бірнеше жыл бойына, еңбекке бейімделген, ондағы өзгерістер аз да болса тоқтаған болса, онда ол адам қабілетті деп саналуы мүмкін. Жай ағымды шизофренияда кемістіктің деңге-йіне, психопаталогиялық және басқа бұзылуларға бай-ланысты экспертизада көптеген қиыншылықтар туады. Ауру адамның өзіне езі есөп беру қабілеті және өз әре-кетін нақтылы криминальды жағдайда басқаруға бай-ланысты оған сот психиатриялық баға беріледі.

Шизофрениямен ауырған адамның мұрагерлік пен үйлену туралы ісі сол мезеттегі оның жағдайына бай-ланысты сот — психиатриялық бағалауда ескеріледі. Аурудың психозы және керініп тұрған кемістігі болса, оны кабілетсіз деп санап, басқаның қарауында болуы керек деген тұжырым жасалуы қажет. Бірақ мұндай жағдайда өте мұқият болу керек, себебі шизофренияда негізгі психикалық қызмет барлық адамдарда біркелкі бұзылмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет