Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет36/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Депрессивті кезеңі.

Депрессияға не меланхолияға үш түрлі белгі тән: зарығушылық, ойлаудың тежелуі, қозғалыстың нашар-лауы. Ауру адамның сыртқы пішіні өзгереді. Беті қай-ғылы, азап шеккендей, маңдайына келденең әжімдер түседі. Ауру жай,ақырын, әзер естілетіндей және аз сейлейді. Олардың қозғалыстары тежелген, бегеліп қа-лады. Сөйлеуі бір тонды, бір тақырыптан екінші тақы-рыпқа ауысуы қиындайды. Олар өзін-езі кеміс көріп кінәлап, өзін-өзі қорлайды, бұрын өзінде көп қателік болғаны туралы айтады. Келешек оларға көңілсіз және болашағы жоқ болып көрінеді. Оларға әсіресе таңер-тең қиын, кешке қарай көңіл-күйі біраз жақсарып, за-рығу сейіледі. Ауру адам балаларына суық қарап, жа-кындары үшін қайғырмайды. Мұны психикалық анес-тезия не тас бауырлық дейді. Мұны өздері түсінеді және оларға онан арман ауыр болады. Олар өзін-өзі кінәлап, одан арман қапаланады. Депрессия жағдайында олар-дың өмір сүргісі келмей өлу үшін әрекеттер жасайды. Депрессияның жоғары деңгейінде ауру ашынып, бұл-қан-талқан болып, басын қабырғаға, еденге соғып, өзін-өзі азаптап, тіпті өлтіруі де мүмкін. Осы жағдай меланхолиялық раптус деген ат алды. Депрессия кезін-де жүрек тұсын ауыр сезініп, жүрек зарығуы болады. Олар жыламайды.

Психикалық керіністерден басқа симпатикалық нерв-тердің тонусы басым болғандықтан соматикалық бел-гілер де білінеді. Бұл кезде жүрек қызметі жиіленіп (тахикардия), артериялық қысым мөлшері көтеріліп, көзкарашығы кеңейіп, іш қатып, аменоррея болады. Ау-ру адам жүдейді. Пеихикалық жағдай жақсарғанда бұл белгілер жонылады. Депрессияның ауырлығына байланысты аурудың кеңіл-күйі тәулік ішінде өзгеріп, таңертең нашарлап, кешке қарай тәуірленеді.

Аурудың клиникалық керінісі әр уақытта жоғарыда көрсетілген классикалық түрде етпейді. Мысалы, ой-лау мен қозғалыстың жалпы заңдылығы әр уақытта сәйкес келмейді. Кейде депрессия кезінде ауру адам мазасызданып қозғалып, ерсілі-қарсылы жүріп, сенде-ліп, жоқтау айтып, кемек сұрап, өзіне орын таппайды, бірақ жыламайды. Депрессияның осы түрін ажитация дейді.

Кейбір жағдайда жылауық депрессия болады, оны астениялық депрессия дейді.

Депрессивті бұзылуларда әр уақытта білінетін жа-бырқаңқылық, зарығу болмайды. Меланхолия жағда-йының тұншыққан, субдепрессия түрі де кездеседі. Ке-йінгі жылдары жасырын не бүркемелі, ларвирді деп-рессия түрлері көбейіп кетті. Бұл түрдің клиникалык көрінісінде ауру адамның шағымы әр түрлі ұнамсыз соматикалық сез>мдерінде шоғырланған. Сондықтан мұндан аурулар алғашында соматикалық шағымдары-мен терапевтке көрінеді. Тексеру кезінде соматикалык аурулар мүлде болмайды не жеңіл желпі түрде білінеді. Мұндай жағдайда соматикалық шағымдар негізгі ауру-дың білінуі—зарығуды бүркеп қалады. Айқындығы әлсіз депрессияларда соматикалық шағымдар кез кел-ген соматикалық аурудың бар екенін көрсетеді.

Депрессивті жағдайды емдегеннен соң депрессивті кезеңнің белгілері азаяды. Сол кезде ауру адамдар белсенді болып, көңіл-күйі көтеріліп, аурудан жазыл-ғандай болып көрінеді. Дәрілердің дозасын азайту қай-тадан депрессияны күшейтеді. Мұндай жағдайда ауру-дың қозуы бітпей, депрессияға тек «шымылдық» ілініп, емдеуді қайтадан бастауды қажет етеді. Кейбір ауру-лардың депрессия белгілері оңай түрде білінуі мүмкін. Онда субдепрессивті жағдай туралы айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет