Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет38/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

Шығу тегі мен патогенезі.

Кептеген зерттеушілер маниакальды-депрессивті пси-хозды тұқым қуалаушылықпен байланыстырады. Ай-тылғанның айғағы ретінде ата-анасы маниакальды-депрессивті психозбен ауырған отбасында бұл аурудың орын алатыны туралы айтқан жөн. Мұнан басқа бұл ауру монозиготты егіздерде пайда болуы мүмкін.

В. П. Протопоповтың (1948 ж.) айтуы бойынша ма-ниакальдььдепрессивті психоздың патогенезі мидың ги-поталамус белімі қызметінің және заттар алмасуының бұзылуына байланысты. Адренал жүйесінің қызметі аурудың маниакальды және депрессивті кезеңдерде жоғарылайды. Сондықтан бұл кезеңдердегі психикалық бұзылулар қарама-қарсы болғанымен соматовегетатив-ті белгілері ұқсас болады. Депрессивті және маниакаль-ды кезеңдерде жүрек жұмысы жиілеп (тахикардия), қан қысымы кетеріліп, көздің карашығы үлкейіп, іш қатып, ауызы құрғап, дененің салмағы төмендейді. Осындай соматовегетативті белгілерінің бірдей болуы екі кезеңде де аурудың шығу тегінің бірдей екенін көр-сетеді. Циклофренияда эндокриндік бұзылулардың ма-ңызы зор екені туралы ойлар айтылып жүр. Мұның ай-ғағы ретінде ауру әйелдердің босанған не климакс бол-ған кезде жиі ауыратыны туралы айту керек. Екі кезең-де де әйелдердін етеккірі тоқтап қалады. Емдеу

Емдеу кезінде аурудың кезеңін еске алу керек. Деп-рессияда антидепрессивті препараттарды клиникалык ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Депрессияның «классикалык» тежелген түрінде тәулігіне 25—50 мг-нан 300—350 мг-ға дейін мелипрамин беріледі. Мели-праминнін антидепрессивті және дем беруші әсерін еске алып, оны күннің бірінші жартысында беру керек. Түн-ге карай ұйқыны жаксартатын 25—50 мг тизерцин ней-ролептигі тағайындалады. Тизерцинді бергеннен соң бі-рінші күндері артерия кысымы төмендеп, әлсізденіп, аударылған кезде» бас айналады. Нейролептиктер мен антидепрессанттарды ішкенде ауыз құрғайды.

Мазасыз депрессияларда антидепрессивті және седа-тивті әсер ететін амитриптилинді (триптизолды) тәулі-гіне 25—30 мг-нан бастап 250—300 мг-ға дейін беру ке-рек. Бұл препарат күнде де, кешке карай да беріледі. Ол ұйқыны жақсартады. Қозу кезінде бұлшықеттерге 2—3 мл 2,5% аминазин енгізуге болады. Моноаминоок-сидазаны тежейтін ипразид, трансамин, нуредал сияқты антидепрессанттарды байқап қолдану керек. Бұл пре-патараттарды үш циклді антидепрессанттармен бірге беруге болмайды. Үшциклді антидепрессанттарды беру-ді тоқтатқаннан кейін жоғарыда көрсетілген препарат-тарды беруге болады. Емдеу кезінде құрамында тира-мині бар сыр, кофе, сыра, шоколад сияқты тағамдарды жеуге болмайды.

Депрессивті ауруларда өзін-өзі өлТіру туралы ойлар мен әрекеттер болатындықтан олар үнемі медбикелер-дің көз алдында болуы керек. Олардың маңайында ке-сетін, үшкір заттар болмау керек. Бастарын көрпемен жауып жатуына жол бермеу керек, себебі олар өздерін өлтіру үшін ақжайманы, жастық тысын, әзінің шашта-рын пайдалануы мүмкін. Өзін елтіру үшін аурулар дә-рілерді жинайды. Сол себептен медбикелер ауру адам-ның дәріні ішкеніне көзін жеткізуі керек.

Маниакальды жағдайда сөйлеу мен қозғалыс қоз-уын төмендететін нейролептиктер қолданылады. Тәулі-гіне бір рет 25—50 мг-нан 300—600 мг-ға дейін амина-зин беріледі. Ауру адамды жылдам тыныштандыру үшін маниакальды қозуда бұлшықетке 2,5% новокаинде ері-тілген 3—5 мл аминазин жіберіледі. Қатты қозуда тэу-лігіне 2—5 мг-нан 30—40 мг-ға дейін галоперидол тағайындалады. Тәулігіне 25—50 мг тизерцинді де қол-дануға болады.

Маниакальды жағдайды емдеуде литий тұздарын да пайдаланады. Бұл тұздар циклофренияның алдын алу үшін пайдаланылады. Қөмір қышқылды литийді тәулі-гіне 300—400 мг беруден бастап, біртіндеп 600—1500 мг жеткізеді. Бұл кезде егер ауру адам өзін жақсы сезін-се, онда тәуліктік дозаны 2,1 г-ға дейін көбейтуге бола-ды. Плазмалық фотометрия әдісі бойынша қандағы ли-тий мөлшерін байқау керек. Ол 1,6 мэквл-ден аспауы керек. Маниакальды белгілер жоғалған соң литийдің дозасын біртіндеп 0,6—0,9-ғ-ға дейін төмендетеді. Ли-тийді пайдаланумен қатар емдеуде аминазин, галопе-ридол, трифтазин сияқты нейролептиктерді пайдалану-ға болады. Маниакальды және депрессивті кезеңдерді тәулігіне норматимиялық зат ретінде тәулігіне 300— 1400 мг фенилепсинді (карбамазепин) пайдалануға бо-лады. Бұл затты нейролептиктер және антидепрессант-тармен бірге беруге болады. Денсаулық түзеле бастаса бұл заттардың дозасын азайтады не мүлде бермейді. Аурудың қайталануының алдын алу үшін фенилепсин-ді ұзақ уақыт береді.

Екінші рет аурудың алдын алу үшін тимусқа қалыпты әсер ететін литий тұздарын тағайындайды. Тәулігіне 0,3—0,6 г литийді беріп, біртіндеп оның дозасын 0,9—1,2 г-ға дейін жоғарылатады. Қандағы литий мөлшері 0,6— 1,0 мэкв і л-ден жоғары болмауы керек. Литий мұнан аз болса организмге әсер етпейді, ал бұдан көп болса организм уланады (шөлдеу, қолдың дірілдеуі, атаксия, ұйқышылдық). Литиймен катты уланғанда асқазанды шайып, клизма қойып, венаға 40 мл 40% глюкоза ері-тіндісін, тері астына 500—1000 мл физиологиялық ері-тінді жіберіп, тыныс алу мен жүрекке әсер ететін дәрі-лерді береді. Эуфилин, диакарб, мочевина, натрий гид-рокарбонаты да қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет