Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері


Үлкен қояншықтық құрысудың



бет41/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Үлкен қояншықтық құрысудың өзіне тән даму кезең-дері бар. Аурудың жаршысы ретінде бірнеше сағат не күн бұрын бас ауырып, көңіл-күйі төмендейді. Аурудың ұс-тамасы аурадан («леп соғу») басталады. Психикалық аура көру, есту, иіс сезу елестеушілігі ретінде болуы мүмкің (ауру адам ұшқындарды, шеңберлерді көреді, күйді естиді, иісті сезінеді). Бұлар вегетативті құбылыс (қызару, барлық жердің терлеуі, жүрек соғуынық жиі-ленуі іштің ауыруы) қозғалыстық және психосенсор-лық бұзылулар ретінде білінеді. Бір аурудың өзінде бір түрлі аура болады. Аураның ұзақтығы бірнеше секунд. Құрысу өткеннен соң ауру аураны есінде сақтайды. Аура үнемі болмайды, ауру адамдардың жартысында ол жалпы болмайды.

Аурадан кейін тоникалық кезең басталады. Ауру адам толығынан есінен танып, барлық бұлшықеттері күрт тоникалық түрде тартылады. Қейде бұл мезетте дыбыс саңылауы тарылып, демді шығарған кезде ай-ғай естіледі. Ауру адам тұрған жерінде құлайды. Сол кезде ол жарақаттанып, сүйектері сынып, буындары шығып, еріксіз зәр, кейде нәжіс бөлінуі мүмкін. Тыныс алуы токталып, тері үсті көгеріп (цианоз), көз қарашы-ғы кеңеніп, жарықтың әсеріне жауап бермейді. Тони-калық кезеңнің ұзақтығы жарты не бір минут. Мұнан сон клоникалық кезең болады. Бұл кезеңде қол-аяқтар мен дененің бұлшықеттері бірінен кейін бірі жиырылып, ауру адам басын, денесін, аяқ-қолдарын еденге соққы-лап, қосымша жарақаттар пайда болады.

Тоникалық пен клоникалық кезеңдерде тіл мен ауыздың кілегей қабаты тістеліп, сілекей араласып, ауыздан қан аралас кебік ағады. Клоникалық тыры-сулар 1—2 минуттан соң саябырлап, 2—3 минутқа со-зылады. Қейбір ауру адамдар тырысудан соң бірден тұра алады. Бірақ кебіне тырысудан кейін терең ұйқы басталып, онан соң ауру адамдар қатты қалжырап әл-сізденеді. Аурадан басқа аурудың есінде ештеңе бол-майды. Егер қүрысулар бірінің үстіне бірі болып, ара-сында ол есін жинай алмаса, онда кояншықтық жағ-дайы (статус эпилептикус) дамиды. Бұл өмірге қауіп-ті, соңдықтан дереу дәрігердің көмегін қажет етеді.

Қояншықтық тырысу кез келген кезеңде тоқтауы мүмкін. Мысалы, тырысу аурамен шектелуі мүмкін (бұл жағдайда балалардың іші ауруы мүмкін). Бұл-.шықеттер тырысып жиырылып, жартылай қысқаруы мүмкін. Қезеңнің бірінде үзілген құрысуды абортивті (өсіп-жетілмеген) дейді.

Балаларда үлкен құрысулар ересектерге қарағанда сирек кездеседі. Оларда көбіне абортивті тырысулар болады. Бала неғұрлым жас болса, тырысулар соғұр-лым кысқа болады. Сәбилерде тоникалық 'кезең жиі кездеседі, ал клоникалық құрысулар мүлде болмайды (тоникалық тырысулар мидың астындағы орталықтар-ға, ал клоникалық тырысулар мидың орталықтарына байланысты).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет