Лекцияның мәтіні:
Өткен тарауларда жекелеген психопатологиялық бел-гілерде бұзылулар жекеленбей басқа бұзылулармен қа-тарлас келетіні және оларды бір-бірінен ажырату қиын-дыққа соғатыны айтылды.
Әр түрлі аурулардағы белгілердің қосарлануы кездей-соқ емес. Әрбір ауруда белгілер түрліше қосарланады.
Синдром — жалпы патогенетикалық негізі бар, іштей өзара байланысты белгілердің қосындысы. Бір аурудың ерісінде бірнеше белгілер ауысуы мүмкін. Бұл ауысу-лар кездейсоқ емес, бір ауруға тән заңдылықпен өтеді. Басқаша айтқанда әрбір аурудың дамуында белгілі стереотип, белгілі бір жол болады (И. В. Давыдовский).
Сондықтан әрбір аурудағы клиникалық белгілерді және олардың ауысу заңдылықтарын білу аурудың дұ-рысдиагнозын қоюға көмектеседі.
Кейде аурудың өрісін анықтау үшін айлар керек. Аурудың даму стереотипін біле тұра оның ерісін бол-жауға болады.
Әр түрлі ауруларда бірнеше түрлі синдромдардың басым болатыны анықталды. Синдромды дұрыстап анықтаудың аурудың дұрыс диагнозын қоюда мәні өте зор. Дұрыс диагнозсыз ауру адамға жедел көмек көр-сету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адамды (қа-рауытқан, делирий) дереу ауруханаға жатқызу керек. Себебі ондай ауру өзіне де, басқаларға да қауіпті. Сол сияқты терең депрессия кезінде де ауру адамды ауруха-наға жатқызу керек. Өйткені мұндай адам өмір сүргісі келмей езін-езі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Синд-ромды екі топқа бөлуге болады: сананың бұзылуы және сананың бұзылмауы.
Сананың бұзылуының өзіне тән белгілері бар. Мы-салы, делириозды ой алжасуында айналадағыларды та-нымай, қай жерде, қай уақытта екенін білмей, әр түрлі елестеушіліктер, алдымен көру елестеушілігі, сандырақ ойлар болып, жүріс-тұрысы қозады. Басқа ой алжасу-ында да әзіне тән белгілердің қосындысы болады. Бұ-ларды ой алжасу (не сананың бұзылуы) синдромы дейді. Ой алжасуынан басқа ой алжаспау синдромдары болады. Оған төмендегілер жатады. Елестеушілік (галлюцинаторлық) белгілер не гал-люциноз
Бұл көбінесе ой алжаспау жағдайында өтеді. Мұнда алдыңғы қатарға сөздер ретіндегі ес елестеушілігі шы-ғады. Осындай елестеушіліктер көбіне мағынасы ұнам-сыз монолог не диалог ретінде болады. Галлюциноз ке-зінде адамда үрей, қорқу, мазасыздану болады. Галлю-циноз мидың органикалық зақымдануында, жұқпалы аурулар мен уланғанда (сифилис, маскүнемдік) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |