Балалардың дамуындағы физиологиялық жас ерекшеліктері пәні



бет2/6
Дата26.12.2023
өлшемі27,65 Kb.
#143561
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Силлабус БДФжЕ

Пәннің мақсаты: студенттерде мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейде физиологиялық жүйесінің құрылысы мен қызметі жөніндегі, сонымен қатар, дені сау ағзаның тіршілігіндегі және иммунды адаптациялық үрдістердің дамуындағы оқумен тәрбие жұмысының маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру.
«Оқушылардың даму физиологиясы» пәнінің негізгі міндеттері білім алушыларда ББ бағдарламасы бойынша бірқатар оқыту нәтижелерінің пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады:
- теориялық негіздерді.жинақтау;
- мәліметтерді теориялық және практикалық маңыздылығы бойынша.жіктеу;
- алған білімін бағалау;
-материалдың маңыздылығын.түсіндіру;
-іс жүзінде шешім қабылдау.
Бағдарлама бойынша оқыған студенттер болашақ педагогтар мен тәрбиешілер білуге тиіс: негізгі ұғымдарын; балалар мен жасөспірімдер анатомиясы мен физиологиясын, олардың негізі ұғымдарын; балалар анатомиясы мен физиологиясының мақсаты мен міндетін; жергілікті жердің ерекшеліктерінің негіздерін; анықтай отырып, басқа жасқа сай ерекшеліетерін және шараларын білу.


4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті түрде/ қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және болмауы 0 балмен бағаланады.
Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсырмаларды орындау мерзімі бұзылған жағдайда айыппұл ретінде баллдары шегеріліп бағаланады.
Академиялық адалдық және біртұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиатқа, жалған жасауға, шпаргалкаларды пайдалануға, білімді бақылаудың барлық кезеңдерінде көшірмеуге, оқытушыны алдауға және оған құрметпен қарамауға жол бермеу.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес, көмек ала алады: syman71@mail.ru)
5. Ақпараттық ресурстар:
Оқу әдебиеттері: Негізгі әдебиеттер:
1.Бейсембаева З.И. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған оқулық. –Қарағанды: ЖК «АҚНҰР баспасы», 2014. – 168 бет.
2.Ордабеков С.О., Абдрақов Б.Қ., Ахауова Г.Қ. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы.Оқу құралы. Қарағанды: «Ақ Нұр», 2012.-332 бет.
3.Дүйсембин Қ., Алиакбарова З., Абеуова Г. Жасқа сай физиология және валеология, Алматы, 2007. - 460 бет.
4.Балгимбеков Ш.А., Ташенова Г.К., Нуркенов Т.Т. Курс лекций по возрастной физиологии и школьной гигиене. – Алматы. – 2012. – 104 с.
5.Физиология развития ребенка. Руководство по возрастной физиологии. Под редакцией Безруких М.М., Фабер Д.А. М. //Издательский НПО «МОДЭК». – 2010. - 768 с.
6.Безруких М.М., Сонькин В.Д., Фарбер Д.А. Возрастная физиология.-М., Издательский центр «Академия», 2009.-416с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет