Балалардың дамуының әлеуметтік факторлары. Мектепке бейімдеу. Кіріспе



бет2/2
Дата30.06.2023
өлшемі75,93 Kb.
#103882
1   2
Байланысты:
Балаларды дамуыны леуметтік факторлары. Мектепке бейімдеу. ʳ

Мектепке бейімделу
Алты жасқа дейінгілер психикасының басты ерекшелігі — тәңірегіндегілерден ұйрену қасиетін баланың тез қабылдайтьшдығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат кұбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатысты эмоциялық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді. Бұл ретте жалпы ақыл-ой дамуы мен осыған байланысты дүние көрінісінің баланың өмір жағдайына, тәрбиесіне тікелей қатысты болатынын есте тұтқанымыз жөн.Қазіргі заманғы алты жасар баланын, ақыл-ой дамуы ерекшеліктеріне объективтік тұрғыдан талдау жасау үшін дүние керінісі туралы бала түсініктеріне және танымдық процестердің даму ерекшеліктерін талдауға арнайы жүгінген пайдалы. Бұл орайда сонымеи бірге алты жасар баланың жеке басы дегеніміз не, оған қандай сезімдер тән және бұл сезімдердін, әсер күші қандай дейтін. Нәрселерге дұрыс бағдар жасалуы тиіс.
Алты жасар бала дүниетанымының бастапқы келбеті қандай, жаратылыс құбылыстары мен қоғамдық құбылыстарды бала қалай түсініп саралайды, эстетикалық талғамы қандай дегендерді білу өте маңызды. Бұл үшін алдымен кейбір баланың өзіндік танымынан байқалатын дүние көрінісінің бірнешеуін алып қарастырғанымыз жөн сияқты. Бұл ретте алты жастағылардьщ танымдық процестерінің даму ерекшеліктері арнайы талданатындықтан, типтік көріністер жеке керіністің тасасында қалмауға тиіс.

Ойлауды дамыту. Психикасы дұрыс қалыптасқан балаға тән нәрсе —оның білуге құштарлығы. Баланың білмекке құмарлығы үнемі айналадағы дүниені танып-білуге және өз санасында осы дүниенің өзіндік бейнесін жасауға бағытталған. Бала ойын үстінде тәжірибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділікті анықтауға тырысады. Мәселен, ол қандай заттың батып, қандай заттың батпай жүзіп жүретіндігін өздігінен ажырата алады. Оның санасында айналадағы өмір құбылыстары жайында көптеген сұрақтар туады. Ақыл-ой жағынан бала неғұрлым белсенді болса, сұрақтарды да көбірек қояды және сұрақтары алуан түрлі болып келеді. Алты жасар бала жарық дүниедегі атаулының бәрін: тіпті мұхиттың тереңдігін де, ондағы жануарлардың қалай демалатынын да, Жер шары көлемінің қандай екендігін де, төменде қар еріп кеткен кезде таудағы қардың, ерімеу себебін де білгісі келеді. Бала білуге талпынады, білімді меңгеру үстінде оны «не үшін?», «қалай?», «неліктен?» деген сан алуан сұрақтар мазалайды. Ол: білімге жүгінуге, жағдайға, орай өзі білмейтін сұрақтарға қисынды: жауап іздеуге тырысады. Алты жасар бала кейбір мәселелерді шын жағдайға орай шешудің жолдарын қарастырады, ол тіпті оларды ойша шешуі де мүмкін. Ол нақты жағдайды болжамдап, оны көз алдына елестетуге әрекет те жасайды. Міндеттерді шешуде осындай ішкі әрекеттер нәтижесінде іске асатын ойлаудың мұндай түрі — көрнекі-бейнелі ойлау деп аталады.

Бейнелі ойлау — алты жасар бала ойлауының негізгі түрлері. Бала, әрине, кейбір жағдайларда логикалық ойлауы да мүмкін, бірақ бір ескерер жайт — бала бұл жаста көрнекі құралдардың көмегімен білімді меңгеруге бейім тұрады.

Алты жасар баланың ойлауы белгілі бір проблемалық жағдайлардың дұрыс шешімін табуға қажетті білімнің жоқтығынан өзіндік ақыл-ой позициясымен (яғни этоцентризммен) ерекшеленеді. Атап айтқанда, бала өз тәжірибесінде заттардың ұзындық, көлем, салмақ, т. б. қасиеттерінің сақталуы туралы мағлұматтарды игере алмайды. Жүйелі білімнің болмауы, ұғымдардың толық қалыптаспауы баланың ойлауында қабылдау логикасының жетекші роль атқаруына әкеп соғады. Нақтырақ айтсақ, баланың су, құм, пластилин және т. б. заттардың белгілі бір көлеміне бірдей дәрежеде баға беруі қиын, өйткені оның көз алдында ыдыстың пішініне немесе жаңадан пайда болатын тұрақты қалыптық пішінге орай піл заттардың көлемі де өзгеріске ұшырап отырады. Бала заттардың әр сәт сайын жаңа бір қырынан өзгеруін өз көзімен көруге мәжбүр боларлық жағдайды бастан кешеді.

Зейінді дамыту. Баланың айналадағы дүниені зерттеп білуге деген танымдық белсенділігі оның зейінің қашан да құмардан шыққанға дейін ұзақ уақыт бойы бақылау объектісіне бағыштайды. Егер алты жасар бала өзі үшін маңызды ойын ойнап отырса, онда ол екі, ал кейде үш сағат бойына алаңсыз ойнай беруі мүмкн. Осылайша ол тіптен ұзақ уақыт бойы тапжылмастан аса зейінімен сурет салып, әлденені құрастырып немесе өзі үшін мәнді бірденені дайындап отыра беруі де ықтимал. Баланың айналысып отырған өз ісіне деген мұндай құмарлығы — зейін қоюдың жемісі. Егер бала қызықтырмайтын немесе өзіне мүлде ұнамайтын, қалай болса солай қарайтын қарекетпен айналысатын болса, қалжырайды, жан-жағына алаңдап, өзін мүлде бақытсыз сезінеді.
АЛТЫ ЖАСАР БАЛА — ЖЕҚЕ АДАМ
Алты жасар баланы жеке адам деп айта аламыз, өйткені ол өзінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерінің нормаға сәйкес келу-келмеуін бақылауға қабілетті. Оның бойында өзіне-өзі баға бере алатындай белгілер бар.

Баланың жеке басы әлеуметтік жағдайларға, сондай-ақ баланың өзі үшін қайсыбір әлеуметтік жағдай мен адамгершілік, тағы басқа да қадір-қасиеттердің қаншалықты дәрежеде мәнді боламағандығына байланысты дамиды. Психологияда әлеуметтік жағдайы орынның сыртқы факторы деп, ал баланың сыртқы дүниеге, айналасындағы адамдардың ықпалына қатысты ішкі позициясын ішкі факторы деп атау қабылданған. Жеке бастың дамуы, үшін осы екі фактордың да маңызы бар. Бұл ретте әр түрлі балаларға ықпал ететін бір түрлі жағдай оларда әр қилы мінез-құлық пен әр түрлі жеке бастық іс-әрекет туғызуы мүмкін екендігін ескеру грек. Бірыңғай жақсы нәтижеге жету үшін әр баланың бабын жеке — жеке таба білген жөн.


Қорытыңды:
Қорытындылап айтадың болсақ баланың мектепке бейімделуде ұстаз басты рөлді ойнайды.Ол оқушыларды бірдей жақсы көріп, бөлектемей бәріне бірдей мейрім берсе және де олардың арасында жақсы қарым қатынас орнатса,ол ұстазды жетістігі болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет