Оқушылардың физиологиялық дамуы
Орындаған:Эрмат Азиза
ТТА-111 Тарих-педогогика
Қабылдаған: Айымбетова Индира
Эссе
Балалардың дамуының әлеуметтік факторлары.Мектепке бейімдеу. Кіріспе: Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ұжымына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жақсы. Әдетте, бұл жағдайда қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда достарымен қарым-қатынаста жақсы болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі қиыншылық әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарамаса, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді. Егер біршама уақыттан достарымен қарым-қатынаста әртүрлі тәжірибелері жоқ балалардың ата-аналары олардың мектепке келгісі келмейтіндігімен, достарымен ұрысса оларға ренжісе,мұғалім баланы жақсы көрмейді деп шағымданса, онда қалуға болмайды.Себебі,бала өзін барлығымен бірдей көргенді ұнатады.
Негізгі бөлім: Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас. Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, күрделі проблемалардың қатарына жатады.Бұл салада жүргізілген бірнеше зерттеулер бар.
Егер бастауыш сынып оқушысына мұғалімі бір көргеннен жақсы әсер қалдырса бұл мұғалім тұлға болып қалады.
Ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.Ол кезде балалар өтпелі кезеңде болады,сол үшін балаға айғайлап ұрсудың керегі жоқ,ұрыссан бала қассарсып қырсығыр сенің ақылды тыңдаймайды.”Жылы-жылы сөйлесен,жылан інінен шығады”-, демекші балаға жылы сөйлесен, ол бала ақылыңды тыңдап тапсырмаларың уақытылы орындайды.
Оқушылар тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді:
Бірінші топ ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Оқушылар ұстаздың бойынан осы қасиеттерді көргісі келеді.Егер,ұстаз ол қасиеттерді көрсете алмаса оқушылардың ойында жаман ұстаз ретінде қалады.
Екінші топқа ұстаздың шеберлігі,өз пәнін жетік білуіне байланысты .
Егер ол өз пәнін жетік біліп,әр түрлі қызықты мәліметтермен,әр түрлі методикалармен , қызықты тартымды өтсе балалар одан әсер алса ол ұстаз үшін жетістік.
Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара қарым-қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың сынып жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты.
1.Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.
2.Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды ”тәрбиеленуі қиын” балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарында қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.