Балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін ойын әрекеті арқылы түзету мазмұны Мазмұны


Ойын –балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін түзетудегі басты әрекет түрі ретінде



бет3/8
Дата14.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#30996
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
логопед эсперим

1.2 Ойын –балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін түзетудегі басты әрекет түрі ретінде

Ойын – бұл көп жақты түсінік. Бұл сол үрдіс кезінде ересектердің балаларға талабы, балалардың өздеріне деген талабы тәрбиеленетін сабақты, көңіл көтеруді, сайысты, жаттығуды, тренингті білдіреді.

Неміс психологы карл Гросс 19 ғасырдың соңында алғаш болып ойынды жүйелі зерттеу талпынысын жасады. Гросс ойынды мінез-құлықтың бастауыш мектебі деп атайды. Гросс бойынша, ойындар түрлі физикалық және психикалық күштерді жаттықтыру үшін қызмет етеді, ойынның көзі биологоиялық механизм .

Ян Амос Каменский (1592-1670) – чех философы, ойын баланың табиғаты мен бейімділіктеріне жауап беретін қажетті әрекет түрі деп ойлаған. Ойын – баланың қабілетінің барлық түрлері дамитын ақыл-ой әрекеті; ойынның барысында қоршаған әлем туралы түсініктер шеңбері байытылып, кеңейеді .

Отандық зерттеушілер мен педагогтардың (Е.И.Тихеева, Ф.Н.Блехер, А.И.Сорокина, Е.Ф.Иваницкая, Е.А.Удальцова) еңбектерінде пішінмен, көлеммен, түстермен, кеңістікпен және дыбыстармен танысу секілді баланың сенсорикасының қалыптасуы жүретін көптеген дидактикалық ойындар берілген.

Қазіргі кезде отандық педагогикада, ғылымда балалардың ойындарының бірнеше жіктемесі қолданылады .

Барлық ойындарды екі топқа бөлуге болады:


  1. Шығармашылық ойындар (сюжеттік-рөлдік);

  2. Ережелері бар ойындар (дидактикалық ойындар).

Бірінші топ – ересек адам дайындық және ойынның барысы кезінде жанама қатысатын ойындар. Балалардың белсенділігі шығармашылық сипатта болады.

Екінші топ – ересек адам қандай да бір нәтижеге жету үшін балаға бекітілген бағдарламаны беріп, ойынның ережесіне хабардар ететін түрлі оқытушы ойындар .

Ойын барысында тек қана баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырмай, сонымен қатар байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту, грамматикалық формаларды меңгеру секілді дағдыларын да қалыптастырады.

Байланыстырып сөйлеу ойлау әлемінен бөлінбес құбылыс. Байланыстырып сөйлеу – ойлаудың байланыстылығы. Байланыстырып сөйлеуде баланың ойлау логикасы, қабылдағанын түсініп, дұрыс, анық сөйлеу арқылы білдіру бейнеленеді.

Бала тұлғасының жан-жақты дамуындағы ойынның мәні.

Ойын- балаларға түрлі заттармен әрекет жасауға, қарым-қатынас тәсілдері мен құралдарын үйретіп, тәрбиелеу мақсатында ересек адамдар қолданатын балалар әрекетінің бір түрі. Ойын барысында бала тұлға ретінде дамиды, балада барлық психикалық жақтары қалыптасады.

Ойын кезінде балада ұжымдық қасиеттері қалыптасады. Баланың тек адамгершілігі ғана емес, сонымен қатар оның интеллектуалдық ортасы ауысады, өйткені ұжымдық ойында ортақ ойын мақсатына жету және тұрмыстық мазмұны дамиды.

Ойын барысында балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу. Ойын кезінде қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу үрдістері дамиды. Бұл негізгі психикалық үрдістер, олардың жеткілікті дамуынсыз үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу туралы айтуға да болмайды. Баланың ойлау қабілетінің даму деңгейі оның әрекетінің сипатын, оның жүзеге асырылуының ақыл-ой деңгейін анықтайды. Бала өз әрекетінен көп тәжірибе, тәрбиешілер мен ата-анасынан жаңа нәрселерді үйренеді.

Ойында баланың адамгершілік нормаларды меңгеруі жүреді, әрекеттерді орындауға жауапкершілігі артады. Психолог Д.Б.Эльконин бұл үрдістің үш сатысын көрсеткен.

Логопедиялық сабақтардағы қолданылатын ойын тәсілдері.

Бағдарламалық материалды меңгеруге кері әсер ететін және оқыту үрдісін баяулататын ұсақ моториканың, байланыстырып сөйлеу, сөздік қор, лексико-грамматикалық қатар, буындық құрылым, фонематикалық қабылдау, дыбыстау бұзылыстары бойынша түзету жұмысында оқытудың тиімді тәсілдерін қолданған жөн.

Логопедиялық тәжірибе ойын оқушылардың білім, білік, дағдыларды жақсы меңгеруіне ықпал ететінін көрсетеді. Ойын түзету жұмысының маңызды бағыты болып табылады.

Ойын жаттығулары білімді белсендіруге, оқытылатын бағдарламаны сәтті меңгеруге ықпал етеді. Ойын оқушылардың осы уақытқа дейін дейін алған білім, білік және дағдыларын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. ойынды қолдану оқушының ойлау әрекетін белсендіріп, эмоционалды әрекетін жоғарылатады, тіл құбылыстарына деген қызығушылығын тудырып, дамытады. Әсіресе ойын дайындық жаттығуларын І кезеңде дыбысты дыбыстауды түзету, оқу мен жазу дағдыларын дұрыс қалыптастыру, сонымен қатар фонематикалық дислалия мен акустико-артикуляциялық дисграфияның алдын алу кезінде қолдану мақсатты болып келеді.

Бәріне белгілі жаттығулар: «Күрекше», «Жалпақ тілді ұру», «Сылақшы», «Самосвал», «Саңырауқұлақ», «Ат шауып келеді», «Фокус», «Атты тоқтат», «Ара», «Кімнің әні?», «Кім келгенін тап», «Әріпті тап», «Бұл дыбыс қай үйде тұрады?», «Иә» және «жоқ», «Дыбысты тап», «Керек түсті тап», «Алақанмен шапалақта», «Дыбыс № ата», «Бұл қай дыбыс?», «Сөзде неше дыбыс бар?».

Дыбыстарды әріптермен сәйкестіруді бекіту және фонематикалық бос орындарды толтыру кезеңінде қолданылатын ойындар – «Шифровальщик», «Ағаштардағы құстар», «Радистер», «Телеграф», «Дыбыстың қайда екенін тап», «Әріпті тап», «Есімін тап», «Балықшылар», «Сиқыршылар», «Сиқырлы қорапша», «Сиқырлы қапшық» (әріпті тактильді шешу), «Пошта», «Жұмбақтар», «Суретші нені шатастырып алды?», «Неше нүкте, неше дыбыс?», «Сөзді тап».



  1. Дыбыстық фишкалар бойынша;

  2. Әріптерді әліпби бойынша орналастыру;

  3. Буындарды орнымен ауыстыру: біріншіні екіншіге , «Бағдаршам», дауыссыздарды дифференциациялауға әр түрлі сөзжұмбақтар, «буындық пирамидалар: сөзді құрастыр».

ІІ кезеңде сөздік қордың семантикасын нақтылау және кеңейту үшін қызықты жаттығулар мен ойындарды алу керек. Осындай ойындар: «Сөзді аяқта», «Көп - аз», «Үлкен - кішкентай», «Іс-әрекет сөзді тап» (әр оқушы кезек-кезек іс-әрекетті көрсетіп, келтіреді, қалған оқушылар тауып алады., «Керісінше», «Сөйлемді түзе», «Тату отбасы» (берілген сөздің әр әрпіне әр түрлі сөз топтарынан сөз ойлап табу), «Төртінші артық», «Сөз ойлап тап» (бір түбірмен сөздер жазу), «Аукцион», «Кім біледі, сол жалғастырады», «Сөздік пирамидалар» (әріп саны өсу бойынша жазылған сөздерді орфографиялық, орфоэпиялық, жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға оқу), «Күн жарқырады» (команда бойынша оқу жылдамдығын арттыру).

Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру және жетілдіру кезеңінде жануарларды суреттеу үшін жоспарлар – контурлар – суреттер қолданған тиімді. «Біз құрастырамыз», «Суретшілер», «Мақалды тап» (шеңбер бойынша штрихтелген), «Кім көп» (сөздердің әріптерінен жаңа сөздер құрастыру), «Кім алға», «Сана» (сөйлемде «ән» түбірі бар сөздер нешінші тұр, өлшемі 20 тең болу керек) .

«Біз мұғалімбіз» ойынын мәтіндердегі қателерді жөндеу үшін, оқушылардың білімін тексеру үшін, өзін-өзі бағалау, баға беру үшін қолдануға болады.

Әрбір логопедиялық сабақта «қонаққа» өз біліміңді көрсетуге болады: Буратино, Дым білмес, Чиполино, ең сүйікті жұмсақ ойыншық, Алдар көсе т.б. Бала сабаққа әкелген сүйікті жұмсақ ойыншық оқыту үрдісіне театриализияланған элемент енгізеді.

Логопедиялық сабақтарда қолданылатын кейбір дидактикалық ойындар. «суретші нені шатастырды?». Салыстырмалы дыбыстық-буындық анализ жасау дағдысын дамыту. Жабдықтау: сөздер жазылған карточкалар мен заттық суреттер (сөздер: қала, жалау, салық, ала, табақ, қатық, суреттер: бала, алау, балық, тарақ, қасық).

«Қанша нүкте, сонша дыбыс» (қажет сөздерді айту, сөздің дыбыстық құрамы деңгейіндегі ойлау әрекетін белсендіру). Жабдықтау: бетінде нүктелері бар кубик. Кубикті лақтырады да, бетінде неше нүкте болса, сонша дыбыстан тұратын сөзді айтады (сөздерді суреттердің көмегімен таңдауға болады).

«Сөзді жина» (сөздің буындық құрылымымен жұмыс, сөздік қорды белсендіру). Жабдықтау: буындар жазылған карточкалар. Тақтадағы буындар: қақ - , бас - , шаш - , тас -, қаш -, жа - .

«Сөзде неше дыбыс?» (фонетикалық анализді дамыту). Ойынды басқарушы сөзді жылдам, бір рет айтады. Балалар сөзді қатты емес, созып айтулары керек. Сөздегі дыбыс санын санау керек (жануар, тай, әже, ата, машина, тиін, парта, орындық).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет