Серуен
|
№ 13
Еңбек:
Ағаш түптерін қопсыту.
Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.
Көркем сөз: Ал керемет бұл қандай?
Төгіледі төбеден.
Көк теңізден құйғандай
Көл-көсір су не деген? (Жаңбыр)
|
№ 14
Көркем сөз: Аспанға ұшар бу болып
Жерге қайтар су болып. (Бұлт)
Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау. Ойлау қабілетін арттыру.
|
№ 15
«Торғайлар мен мысық»
Мақсаты: қимылды ойын арқылы кеңістікті бағдарлай алуға үйрету
|
№ 16
«Жануардың дауысын сал»
Мақсаты: дыбыстық жаттығулар арқылы, әріптерді дұрыс айтуға машықтандыру.
|
№ 17
Еңбек: Біздің ойын алаңы
Мақсаты: Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды жинау.Еңбекқорлыққа баулу.
Көркем сөз:
Жел тынымсыз гуілдеп, Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету.
|