Балалардың жасы 4-5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет3/18
Дата10.04.2023
өлшемі37,28 Kb.
#80821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
(еңбек дағдылары)

"Ойыншықтардағы тәртіп".
Міндеті: жұмыс басталар алдында балаларға жұмыс алжапқышын киюді үйрету; ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою. Еңбекқорлықты, тәртіпсіздікті көре білуді дамыту; сумен жұмыс кезінде ұқыптылықты дамыту. Өз еңбегі мен басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
(еңбек дағдылары)

"Біз топ бөлмесінде және жатын бөлмеде терезе төсеніштерін дымқыл шүберекпен сүртеміз".
Міндеті: балаларды сумен жұмыс кезінде келесі ережелерді сақтауға үйрету: жеңдерді орап, шүберекті сулаңыз және құрғатып сығыңыз, ластанған кезде оны сумен шайыңыз.
(еңбек дағдылары)

Сурет салудан ойын-жаттығу
"Құлыншақ шауып келеді".
Міндеті: балаларды қылқаламмен шауып келе жатқан құлыншақ бейнесін салу амалдарына үйрету; құлыншақтың дене бөлшектерін салуда дене пропорцияларын сақтауға талпындырту; құлыншақ бейнесін қағаздың ортасына, мөлшері кішкентай емес етіп, салуға машықтау.

"Көктем белгілерін ажыратамыз" дидактикалық ойыны.
Міндеті: балаларды тез ойлауға тәрбиелеу.
Барысы:
- Балалар, сендермен ойын ойнайтын боламыз. Мына, жерде жыл мезгілдеріне тән белгілерінің суреттері тұр. Осы белгілердің ішінен қыс мезгілінің белгісін ажыратып алуымыз керек. Ал, балалар, суреттерді тезірек ажыратып алайық.
Балалар, суреттерді тезірек қойып шығады.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Көктемде жер бусанды".
Міндеті: балаларға көктем мезгілі туралы түсінік бере отырып, көктемгі табиғатқа тəн ерекшеліктермен таныстыру.

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Ақылды егінші".
Міндеті: балаларды "Ақылды егінші" ертегісінің мазмұнымен таныстыра отырып, ертегі желісін зейін қойып, бар ықыластарымен тыңдай білуге үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет