Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі


« Өкпені еріту » жаттығуы



бет5/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
« Өкпені еріту » жаттығуы
Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін, көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз . Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз . 








Ойын: «Жалауша»
Ойынның мақсаты: жарысып тез жүгіруге,қарсыласынан бұрын жалаушаны алуға жаттықтыру. 
Керекті құралдар: ысқырық,жалауша,бор,таяқша. 
Мазмұны. 
Сыныптағы балалар санау арқылы екі командаға бөлінеді.Олар ойын алаңының екі шетінде қарама-қарсы сап түзеп тұрады.Ойыншылардың дәл ортасынан диаметрі 1 метрлік шеңбер сызылады.Шеңбердің ортасына жалауша тігіледі.Жалаушаның қасында қолына ысқырық ұстаған ойын жүргізуші тұрады. 
Ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін әр командадағы бірінші тұрған ойыншылар тез жүгіріп келіп, жалаушаны алдымен алуға тырысады.Егер ала алса, ол ойыншы команда есебіне ьір ұпай қосады. 
Ал шеңберге екі бала да қатар келсе, олар өте сақ болулары керек, өйткені қай ойыншыға қарсыласының қолы бұрын тисе, оның жалаушаны алуға қақысы жоқ. 
Ойын осылай бірнеше рет жүріп,жеңіске жеткен команда анықталады. 
Ойынның ережесі. 
1.Ойыншылар тұрған қатарларынан бір мезетте шығуын мұқият қадағалау қажет. 
2. Шеңбердің сызығын басуға болмайды. 
3. Шеңбер ішінен алған жалаушаны ойын жүргізушіге беріп, ойыншылар қайтадан тұрған орындарына жүгіріп кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет