Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет3/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР
Мен қандай адаммын ? 
Мақсаты:
Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;
Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қ асиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі . 






Ойын: «Әуедегі атыс» қимылды ойыны
Мақсаты: Топпен қарым-қатынасты нығайту, тез қимылдау.
Ойынның шарты: Бұл сайыста оқушыларды екі топқа тең бөлесіз. 1-топқа бірыңғай қызыл түс (өз қалауыңыз бойынша да таңдауға болады), 2-топқа жасыл түсті үрленген шар беріп, екі команданың арасын түзу сызық етіп бормен сызып қоясыз. Музыка ырғағымен екі команда өз шарларын қарсылас команда жаққа лақтыру керек. Қай топ жылдам сол жеңіске жетеді.






2 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Қоршаған орта
Міндеті: Өз құрдастарын тарта отырып, ұлттық ойындар ойнау
Мақсаты—ұлттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру


-Балалар ,татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
-Татулық-достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бір-бірін тыңдайды,ойыншықтармен бөліседі,ренжіспейді,тату-тәтті ойнайды. Сондықтан достық татулықтан басталады.
-Бүгін біз бірігіп «Хан талапай» асық ойынын ойнаймыз.

Математика негіздері
Міндеті: -заттардың салмағын өлшемі бойынша анықтауды үйрету; заттың салмағы оның өлшеміне байланысты емес, деген ұғым беру
Мақсаты : салмағына қарай тең және тең емес заттар туралы білігін қалыптастыру

«Ауыр – жеңіл», «бірдей» дидактикалық ойыны. Педагог балаларға сыныпта бар заттарды қолға қойып, салыстырып, заттардың қайсысы жеңілірек, қайсысы ауырлау екенін салыстырып білуді ұсынады: кітап және қарындаш, тас және қағаз парағы, текше және кесек, әуе шары және футбол добы, моншақ және шеге, шеге және дән және т.с.с.


Сондай-ақ салмағы бірдей жұптарды анықтауды ұсынады. «Өлшеу» бойынша жұптық жұмыс. Балалар тапсырманы орындайды.Тексерген кезде жұптардың әрқайсысы өз жауабын түсіндіреді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет