Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет43/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Дидактикалық ойын:
«Домино»
Мақсаты: «Баланың көліктер жайлы білімдерін дамыту, пысықтау. Сәйкес көлікті тауып дұрыс атату, оның атқаратын қызметімен таныстыру.
Ойын шарты: Суреттері сәйкес келетін карточкаларды біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады.
Қажетті құралдар: Бірдей қос суреттер, әртүрлі көліктер бейнеленген көлімдері 5×6см карточкалар.






3 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Қазақ тілі
Міндеті: Тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізу
Мақсаты сыпайылықты білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру, оларды күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Дидактикалық ойын: «Не деу керек?»
– Тақпақтарды тыңдап, назар аударамыз. Қай жауабы дұрыс?
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп айтып жеу керек?
«Рақмет, апа!» – деу керек.
Балалар жүр көшеде,
Естілді шу-айғай.
Сен де шықтың досыңды,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
«Кешір досым», – деу керек.
Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың.
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір апайың,
Ұмыттың сен не деу керек?
«Сәлеметсіз бе!» – деу керек.

Қазақ тілі
Міндеті: Тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізу
Мақсаты сыпайылықты білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру, оларды күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Мақал-мәтелдерді жаттап ал.
Әдептілікті данадан үйрен.
«Сіз» деген – әдеп,
«Біз» деген – көмек.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет